Жасыратыны жоқ, Қармақшы бірде-бір ірі өндіріс ошағы жоқ аудан. Оның үстіне биыл бірден екі кәсіпорын, яғни «Жосалы жол дистанциясы» мекемесі мен «ППС ойл трэйд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысын тоқтатып, жұмыссыздар қатары артты. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбыры және «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізі құрылыстарының аяқталуы да онсызда тәлтіректеп тұрған аудан экономикасына айтарлықтай ауыр тиді. Өйткені, инвестиция көлемі азайды.
   Әкім болып тағайындалғанына көп уақыт өте қоймаған Сұлтан Мақашов жыл бойғы жұмыстың өзі жыртыққа жамау болмасын білгендей, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді ортаға салып, ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру үшін не істеліп жатқанын баяндады. Басты бес бағытты айқындап алған басшы, ең алдымен кәсіпкерлікті өрістету арқылы жұмыссыздықты жойғысы келеді. Шағын бизнес өркендесе, бюджетке түсетін түсім де ұлғаяды. 
СНХ Сұлтан Мақашов  - Қармақшы ауданының әкімі
/арнайы 4 жұмысшы топ құрдым. Өзім жетекшілік етемін. 4 айдың ішінде қосымша 18 млн тг..../
Геотитр Қармақшы
ТІЛШІ: Жосалы тұрғындарын ауыз сумен қамту қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе. Ашып айтсақ, аудан орталығына тіршілік нәрі қажетті мөлшерде берілмейді. Халық судан тарығып отыр. Бұл түйткіл «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қолға алынған шаралар жүзеге асырылғанда ғана шешіледі. Ол үшін насос станциясын қайта жаңғыртып, үшінші Интернационал ауылынан қосымша ұңғыма қазу қажет. 
СНХ  Сұлтан Мақашов  - Қармақшы ауданының әкімі
/ Октябрь топтық су құбырының 20 км желісі аз көлемде,қабілеті жоқ....сонда ғана су беруге болады. Басқа жол жоқ...Егер ұсыныс болса..../ 
ТІЛШІ: Бір қуантарлығы, Қармақшыда мал басы көбейген. Осы ретте жайылымдық жерлерді ұлғайту жұмыстары қолға алынды. Гидротехникалық тоспалар салып, Қараөзек арнасындағы су деңгейін реттеу арқылы, шабындықтар мен құрғап қалған көлдер суландырылмақ. Бұл өз кезегінде балық шаруашылығын жандандыруға мүмкіндік береді. 
   Брифинг барысында аудан әкімі байқоңырлықтардың проблемасына айрықша тоқталды.  Ресейге жалға берілген қаланың тайқазаны бөлек болғанымен, әлеуметтік мәселелері – ортақ. Соңғы тоғыз айда жұлдызды қалашықта 400-ге жуық адам жұмыстан қысқартылған. Алдағы уақытта ресейлік кәсіпорындар мен мекемелерден тағы 18 адам босайды. Сүреңсіз  статистика ауданның даму көрсеткішіне әсер ететіні сөзсіз. Бірақ, қазіргі таңда санға емес, жұмыссыз қалған отбастарының әлеуметтік жағдайына  шенеуніктердің басы қатып отырған жайы бар. Осы ретте облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың тапсырмасымен «Қармақшы ауданының экономика салаларын дамытудың 2015-2016-ші жылдарға арналған жол картасы» әзірленгенін айта кеткен жөн. Бағдарламаға шешімін таппай тұрған 21 мәселе енгізілді. Соның ішінде, жаңа ірі өндіріс орнын ашу жоспарға кірді. 
СНХ Сұлтан Мақашов  - Қармақшы ауданының әкімі
/қуаттылығы жылына 100 мың тоннаа...жоба туралы/ 
ТІЛШІ: Сондай-ақ, жұмыспен қамту бағдарламасы аясында Байқоңыр, Төретам, Ақайдың жұмыстан қысқарып қалған, бірақ өз ісін бастағысы келетін тұрғындарына қолдау көрсетіледі. Ол үшін 300 млн теңге несие беріледі. Бұдан бөлек, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 25 млн теңге грант беру жоспарға кірді. Ал Төретам кентінде туристік индустриялды аймақ ашу мүмкіндіктері қарастырылуда. Қарманған қарап қалмайды демекші,  Сұлтан Мақашов халықтың игілігіне жұмсалған қаржы мен қажыр-қайраттың еселеп қайтарына сенім білдірді. Көсіле сөйлеп, өсіре ақпар берген жоқ. Шымбайға батса да, шындықты айтты. Қармақшыға қатысты барлық мәселенің аймақ басшысының назарында екенін жеткізді. Айтпақшы, ауданды электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ету және газдандыру мәселелері де алдағы уақытта шешімін табатын болады. 

Мөлдір Құлмырзаева, Бекболат Әбденов