ТІЛШІ:  Жазасын өтеп шығып, пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту – өткір де өзекті мәселенің бірі. Өйткені екі қолға бір күрек таппай жүргендер арасында түрлі қылмыстарға қайта бару деректері жиі тіркеледі. Бұрын сотты болғандарды қолдап, демеп жіберу  мақсатында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Серік Дүйсенбаев - қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

ТІЛШІ: Айта кетейік, жазасын өтеп келгендер үшін маусым айында әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталығы ашылды. Құқықтық, әлеуметтік, психологиялық көмекке мұқтаждары осында келіп, тиісті көмек ала алады.

Талғат Тұрсынбаев –қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары

ТІЛШІ: Бүгінде қала бойынша 543 адам пробация қызметінің есебінде тұр. Олардың 138-і – жұмыссыз. Осы күні ұсынылған жұмыс орындарының ішінде құрылысшы, инженер, тігінші, жиһаз жасаушы сынды мамандықтарға сұраныс көп болды. 

 Ә.Сейдалы,А.Әшірбеков