Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы 23 қаңтардан бастап сатылымға шығарылады. Бұл туралы спорт журналисі Ермұхамед Мәулен өзінің Telegram-парақшасында жазды.
Бастапқы баға 1 миллиард 600 миллион теңгені құрайды. Алғашқы жарнасы 252 миллион болып бекітілген. «Қайсар» футбол клубының баспасөз хатшысы Ерасыл Шәрібек бұл ақпаратты растап, «сатып алу жүзеге асырылса, меншік иесі футбол командасының 51 пайызын сенімгерлік басқаруына алады,» - деп мәлімдеді. Сонымен қатар, «Қайсар» клубы, команданың базасы және Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионы меншік иесіне өтеді. Айта кетейік, сырбойылық футбол клубы осыған дейін «Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының» балансында болған