Бүгін – халықаралық қарттар күні. Атаулы мерекеге орай әртүрлі салада қызмет еткен 130 ардагер жаңарып, жасарған, көркіне көрік қосқан Қызылорданы аралады. Тілші бейнематериалында толығырақ.

 Қазыналы қарттарымыз алдымен Өнер орталығында болды. Олар сәні мен салтанаты келіскен ғимаратты аралап, еңселі залдарын тамашалады. Мұнан соң, «Жан-Арай» агро-индустриалды кешенінің жұмысымен танысты. Одан соң «Анаға тағзым» орталығына барды. Ардагерлер креативті индустрия бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен жобаларды көріп, таңданысын жасырмады.

 БАЛШЕКЕР ӨТЕГЕНОВА – СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ // Анаға тағзым орталығына келіп, үлкен шараларға қатысып жатырмыз. Бұл жерде де жұмыс жүйеге қойылған. 01.57Өте керемет, құрылысы өте керемет салынған. 0.45 Қызылордаға бір шәмәлі уақыт келмей қалсаң керемет ғимараттар, сәні түзелген үйлер, қандай керемет болып жасалынып жатқан жолдар, халыққа қызмет ететін. Осындай үлкен сәнді-сәнді құрылыстардың барлығын тамашалап жатырмыз.

 СЕРІК ДҮЙСЕНБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ // Бүкіл аудандардан 130-ға жуық ардагерлер келді. Тек ардагерлер емес, оның ішінде осы елге еңбегі сіңген беделді кісілер, әйелдер ұйымының төрағалары, Аманат партиясының өкілдері, депутаттар, жастар өкілдері осы облыс орталығында соғылып жатқан, соғылып іске қосылған нысандарды аралап, бүгін мінекей соның куәсі болып жатырмыз. Осы жақсы дәстүр жалғасын таба берсін, облысымыз өсіп, өркендей берсін.

 Сонымен қатар ардагерлер жаңадан салынып жатқан жылу электр орталығы және стадионның құрылысымен танысты. Сол жағалауда орналасқан жаңа автовокзалды тамашалап, аралау соңында қайта жаңғыртудан өткен орталық алаңға табан тіреді.

 НАЙЛА ПАЛЫМБЕТ – ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ // Қаланың өсуі, өркендеуі, әдемі болғаны бізге де керек. Өйткені, біздің жүрегіміз қаладағой, біз өзіміз Шиеліде болғанменен. Бүгін көрген барлық нысандар керемет. Ал, енді мына алаңға келдік. Мен бірінші рет келіп отырмын, мына ремонттан кейін. Алаңның өзгергені, осы жерде қанша халық жиналады ғой, балалардың бәрі келіп, осы жерде рахаттанып ойнағанының өзі қандай, драма театрыныңда көрінісі де өзгерген. Мына балалардың ойнайтын ойынында қойыпты. Бұрын әшин тұратын орын еді, қазір осындай демалатын орын болғанына қуанып жатырмыз,керемет.

 Осылайша ардагерлер Қызылорданың бүгінгі келбетін таңдана да тамсана тамашалап, рухани серпіліп қайтты.