Елімізде әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандардың қасынан табылып, әркез көмек қолын созатын мамандық иелері – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері. Жыл сайын сала мамандары өз кәсіби мерекелерін қазан айының соңғы жексенбісінде атап өтеді. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Данияр Жаналинов сала қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, құрмет көрсетті.

Бүгінде облыс бойынша екі мыңнан аса әлеуметтік қызметкер бар. Оның ішінде ерекше күтімді қажет ететін жандарға 400-ден аса маман арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Айта кеткен жөн,жыл сайын сала мамандары аттестациядан өтіп тұрады. Оның нәтижесімен, еліміз бойынша біздің өңірдің әлеуметтік қызметкерлері алдыңғы үштіктен түскен емес.

ДАНИЯР ЖАНАЛИНОВ - ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

«әлеуметтік қорғау саласының жетістіктері аймақ көрсеткішінің дамуына әсер ететін бағыттарының бірі. Бүгінгі күнге дейін өңірімізде 36 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. 5 мыңнана астам отбасы әлеуметтік атаулы көмекпен қамтылды. 20 мыңнан аса аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, жалғызбасты қарт адамдарға бюджеттен тыс көздерден 250 млн теңгеден астам қайырымдылық көмектер көрсетілді. Бұл сала мамандарының нәтижелі еңбегінің жемісі. +04:50- осы салада жетістіктерге барлығы ізгілікпен, адамгершілікпен еңбек еткен мамандар жұмыстарыңыз жемістерін бере берсін. Мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын».

Мемлекеттің негізгі міндетінің бірі — халықтың барлық санаттарына әлеуметтік қамқорлық көрсету, яғни әлеуметтік қорғау. Салтанатты шарада жауапкершілігі мол салада аянбай тер төгіп жүрген бір топ маман марапат төрінен көрінді.

СҰЛТАН МАХАМБЕТОВ - САЛА АРДАГЕРІ

«бұл сала жалпы жан-жақты өте қиын сала екен. біз жұмыс бастаған тұста 7-8 ай қаржы болмай, зейнетақы төленбей өзі әлеуметтік сала жалпы қиын кезде жұмыс бастадық. Сол жұмыстың қазір жағдайы жақсы. 1,5-2 жылдың ішінде төленбеген пенсиялар төленіп, ол жүйе кетіп, қазір өз деңгейінде жұмыс жасап жатыр».

ҒАБИТ ЖАҢАБАЕВ - ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ «жалпы біз халықпен жұмыс жасаймыз. Жұмыспен қамту мәселесі бар, әлеуметтік төлемдер бар, одан бөлек мүгедектігі бар кісілерді біз толық оңалтумен қамтамасыз етеміз. Біздің облысымызда 33-мыңнан аса мүгедектігі бар кісілер бар. 84 мыңның үстінде ардагерлеріміз бар. биылдың өзінде облыс әкімдігінің қолдауымен ардегерлеріміз Манкент, Сарыағаш, Мерке шипажайларына барып демалып келді. одан бөлке Республика күніне байланысты барлық 33 мың мүгедектігі бар кісілерге бір жолғы төлемдер жүргізілді. Біз енді барлық көрсеткіштер бойынша республикада алдыңғы үштіктеміз».

Иә, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жұмысы көзге көрінбегенмен, жауапкершілігі зор. Салтанатты шараны Сыр өнерпаздары әнмен әрлеп, қошеметке бөленді.