Қазақ футболының ардагері Сұлтан Әбеновті еске алуға арналған республикалық турнир мәресіне жетті.
Спорт додасы биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Аладоп бәсекесіне еліміздің түкпір-түкпірінен келген 10 команда, 200-ден аса жас футболшылар қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша «Локомотив» футбол командасы бас жүлдені иеленсе, күміс медаль Түркістандық «Төле би» тобының ойыншыларына бұйырды. Ал қола «Хан» командасының еншісінде.
МАРЖАН ӘБЕНОВА – СҰЛТАН ӘБЕНОВТІҢ ҚАРЫНДАСЫ
Сұлтан Әбенов «Қайрат» футбол клубына шақырылған ең алғашқы Қызылордалық. Ол өзінің командасында алғашқы және үздік бомбардир болған. Жыл сайын осылай ағамды еске алу турнирі дәстүрлі түрде өткізіледі. Достары мен жолдастарына оның еңбегін ескеріп, ұмытпай келе жатқанына рахмет айтамын.
САДЫҚ МҰСТАФА – «ҚАЙСАР» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бұл кісі өзі көзі тірі кезінде жылда өз жүлдесі үшін турнир ұйымдастырып келген осы уақытқа дейін. Қазір енді, өкінішке орай еске алуға арналған турнирмен жалғасып жатыр. Осы жасөспірім өскелең ұрпаққа бағыт ретінде, осы футболға балаларды көбірек тарту бағытында ұйымдастырылып жатқан турнир.