Адам саудасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары басталды. Мамандардан жасақталған ақпараттық-насихаттық топ ауыл-аймақты аралап, халыққа құқықтық ақпарат беруде.

 Жасыратыны жоқ, қоғамда соңғы кезде зорлық-зомбылық пен қатыгездік белең алып барады. Әсіресе әйелдер мен балалардың әлімжеттік көргені, соққыға жығылғаны туралы ақпараттар легі жаға ұсататады. Адам саудасы, мәжбүрлі еңбектің құрбандары мәселесі де өзекті болып отыр. Осындай түйткілдердің алдын алу мақсатында ақпараттық-насихаттық топ ауыл –ауылды аралап, тұрғындармен кездесуде. 18 қарашада бастау алған іс-шара аясында мамандар Ақсуат, Ақжарма, Қызылөзек және Талсуат ауылдық округтерінде болып, адамзатқа ортақ құндылықтар туралы талқылады. Ал бұл Тасбөгет кентіндегі жиын.

 ЕРКЕБАЛА АРТЫҚБАЕВА – ҚПБ ЖПҚ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ Отбасы жанжалы туралы келіп түскен хабарлама бойынша учаскелік полиция инспекторлары дәлелді материалдар жинақтап, Әкімшілік кодекстің талаптарына сәйкес әкімшілік шаралар қолдануда. Сондай-ақ хаттама толтыру үшін бейнебақылау құралдары мен бейнетіркегіш жазбалары жеткілікті. Сонымен қатар жәбірленушінің талабына сәйкес Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы заңының 20-бабын басшылыққа ала отырып, құқық қорғау органдары профилактикалық есепке қорғау нұсқамасы санатымен бір ай мерзімге алады.

Ал, адам саудасының құрбандарына көмек көрсету үшін мемлекеттік органдардың іс-қимыл ережелері бекітілген.

ОРАЛХАН БӘКИДА – ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ Елді мекендерде түсіндіру және ақпараттандыру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Өңірімізде адам саудасының құрбандарына арнайы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында уақытша болу орталықтары жұмыс істейді. Мұндай орталықтар 8 бағыт бойынша арнайы көмек ұсынады. Адам саудасының құрбандары анықталған немесе көз жеткізілген жағдайда, 116 16 сенім телефонына хабарласып, психологиялық және әлеуметтік көмек пен кеңес алуға болады. Биылғы жылдың басынан бері 9 адам, оның ішінде 3 бала, әлеуметтік арнайы қызметтермен қамтылды. Сонымен қатар, адам саудасының құрбандарына 6 айға дейін әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

СЫРЫМ МАҚСҰТБЕК – ОҚУШЫ //Біз адам саудасы туралы көптеген мәліметтер алдық. Көптеген адамдарға және балаларға пайдалы. Бұны білу әр адам үшін маңызды депй ойлаймын. Заң біліп соны сақтап жүру керек.

 Адам саудасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғам үшін қауіпті құбылыстар. Жаман айтпай, жақсы жоқ, аталған жағдайлар орын алса, тәулік бойы жұмыс істейтін жедел желіге хабарласу керектігі ескертілді.

116 16 – Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі сенім телефоны

150 – Балалар мен жастарға арналған ұлттық сенім телефоны