Қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі мен әуесқойлар футбол лигасы бұқаралық спортты дамыту мақсатында қос тараптық меморандумға қол қойды.
Бүгінде тұрғын үйлер мен шағын аудандардың әр ауласында футболмен шұғылдануға қолайлы алаңдар орналасқан. Сондай-ақ ала допқа әуес жастардың қатары да жыл санап артып келеді. Сондықтан бұл бастама бұқаралық спортты дамытуға жаңа серпін береді, дейді қос тарап өкілдері. Ал құжат - шеберлік сабақтары мен оқыту жаттығуларын және футболистер арасында жарыс өткізу мүмкіндігін қарастырады.
СНХ: ЕРКІН ЖАНТУҒАНОВ - ӘУЕСҚОЙ ФУТБОЛ ЛИГАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
00:20- «осы қалалық спорт бөлімімен бірге үлкен шаралар өткізіп, алда осы Қызылорданың бұқаралық спортын дамытамыз деп ойлаймыз. Бізде осы Қызылорда қаласының футбол лигасында қысқы маусымда 102 команда, 2 мыңнан аса қатысып жатыр. Алдағы уақытта бірігіп үлкен жобалар өткіземіз».