#qyzylordatv

Елімізде келесі жылы су шаруашылығы бағытында 184 млрд теңге көлемінде 138 жоба іске асырылмақ. Бұл туралы сала министрі Мәжілістегі үкімет сағатында баяндады. Биыл бюджет қаражаты мен халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты есебінен 6 мыңнан астам шақырым канал қайта жаңғыртылып жатыр. Оның мың шақырымы келесі жылы пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек, су саласындағы мамандардың жалақысы өсетіні белгілі болды.

 Жыл өткен сайын халық саны да, экономикамыз да өсіп келеді. Сол себепті де 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін. Оның үстіне біз – трансшекаралық су көздеріне тәуелді елміз. Сондықтан, су саясаты – старатегиялық маңызы бар сала. Мәжілістегі үкімет сағатына келген министрге сұрақ қою үшін 42 депутат кезекке тіркелді. Басым бөлгі сынап жатыр.

 Қысқа мерзімде су кодексі қабылданды, 2030 жылға дейін тұжырымдама мен кешенді жоспар түзілді. Көршілес елдермен трансшекаралық өзен-көлдерге қатысты мәміле жасалып жатыр. Мысалға, Каспий теңізіндегі судың 80 пайыздан астамы Еділ өзені қамтамасыз етеді, алайда кейінгі жылдары Еділден келетін су көлемі күрт қысқарды. Мұндағы негізгі мәселе - Еділ ресми түрде Қазақстан мен Ресей арасындағы трансшекаралық өзендер тізіміне кірмейді. Дегенмен, министрлік тарапынан оң шешім қарастырылып жатыр.