#qyzylordatv
Халықаралық отбасы күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында отбасы орталығында салтанатты кеш өтті. Шара барысында өнегелі жанұялар құрмет төрінен көрінді.
«Ұлттық құндылық – отбасы тірегі». Осылай аталған мерекелік кеште түрлі этнос өкілдерінен құралған 9 жанұя татар,орыс, әзірбайжан тағы да басқа халықтардың киімін киіп. сән шеруін көрсетті.
РАУШАН БУРНАЕВА - ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
біздің Қазақстан өте кең, біздің жерімізде қаншама этностар бар,бейбітшілігіміз арта берсін,татар елі болсын, қазақ елі болсын, неміс, кәріс барлығымыз тату тәтті жүре берейік. 01.37 Осындай шаралар ұлттың ауызбіршілігін кеңейтеді деп ойлаймын. Бір-бірімізге қарым-қатынасымыз жақсы болады, бақытты боламыз.
Мерекелік кеште Жаңабіл Нұрманов атындағы №198 орта мектеп оқушылары өнер көрсетті. Олар ән шырқал, би биледі.
АЙГҮЛ МҰСАБАЕВА - ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Мемлекет басшысының Қазақстан халқы ассамблеясының мерекелік 34 сессиясында қоғамдағы ахуалды қалыптастыратын, қоғамдағы жағымды атмосфераны қалыптастыратын ол үлгілі отбасы деді. Ал отбасының тірегі ана, әке, бала, осыны біз ешқалай бөліп алмай, әкелер одағы, аналар кеңесі, отбасылық комиссия барлығымыз бірлесе отырып осы бағытта қоғамдағы жағымды ахуалды қалыптастыруға жұмыс жасап жатырмыз.
Кеш соңында «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Бақытжан Камалов үлгілі отбасыларды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, арнайы сыйлық және алғыс хатпен марапаттады.