#qyzylordatv

Жаңақорғанда БАҚ қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға аудан әкімі қатысып, қаламгерлерге сый-құрмет көрсетті.

Мемлекеттік маңызы бар мәселелерді насихаттап, қоғамдық сана жаңғыруының қозғаушы күшіне айналған бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы орны әрдайым бөлек. Жиында аудан әкімі Мажит Самитов журналистердің билік пен бұқара арасында алтын көпір орнатудағы рөлі зор екенін атап өтіп, мерекелік игі лебізін білдірді.

 МАЖИТ САМИТОВ – АУДАН ӘКІМІ // Құрметті ақпарат саласының ардагерлері мен қызметкерлері. Мемлекет басшысы атап өткендей, журналистер мемлекеттің және қоғамның ажырамас бөлігі. Халық пен билік арасындағы алтын көпір. Қоғамдағы мәселелерді дер кезінде көтеріп, шынайы ақпарат тарату абыройлы міндет. Сіздер осы миссияны лайықты атқарып келесіздер. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын//

 Салтанатты шарада өңірдің тыныс-тіршілігін жан-жақты ақпараттандыруға өз үлестерін қосып жүрген қаламгерлер марапат төрінен табылды. Солардың арасында аудандық «Жаңақорған тынысы» қоғамдық-саяси газеті бас редакторының орынбасары Әлібек Жарықбаев та бар.

 ӘЛІБЕК ЖАРЫҚБАЕВ – «ЖАҢАҚОРҒАН ТЫНЫСЫ» ГАЗЕТІ БАС РЕДАКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //Қиыншылығы мен қуанышы, әртүрлі сәттері қатар жүретін журналистика саласында жүргеніме қуаныштымын. Ауданның тыныс-тіршілігімен таныстырып жүргеніне, 90 мың халықтың сенім артып отырғанына алғыс білдіремін. Сыр журналистерін кәсіби мерекемен құттықтаймын//

 Жалпы, бүгінде аймақта 150-ге жуық бұқаралық ақпарат құралы бар. Басқосуда сала ардагерлері сөз сөйлеп, қаламгерлерді төл мерекесімен құттықтады.