#qyzylordatv
14 шілдеде мемлекет басшысы міндетті медициналық сақтандыру туралы заңға түзету енгізетін Заңға қол қойды. Енді Қазақстанда медициналық көмектің бірыңғай базалық пакеті енгізіледі. Бұл - сақтандыру мәртебесіне қарамастан, жиі кездесетін ауруларға тегін көмек көрсетуді көздейді. Жаңа нормалар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді. Өзгерістердің тұрғындар үшін тиімділігі қандай? Тілшіміз тарқатсын.
Заң аясындағы ең басты өзгерістердің бірі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясындағы қызметтердің нақты ажыратылуы. Сондай-ақ онкологиялық скрининг міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінен тегін медициналық көмек қатарына ауыстырылды.
РАУШАН МАНАТҚЫЗЫ — №6 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
/Яғни Мәмс жүйесіне сақтандырылған мәртебесіне қарамастан бәрі онкологиялық скринингтен тегін өте алады, азаматтар. Скринингтен өтетін адамдар 30 жастан жоғары өтетін адамдар. Яғни, жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу және сүт безі, тік ішек ауруларының алдын алу осы санаттағы азаматтардың барлығы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап,тегін тексеруден өте алады. Осы жылға дейін аталған окологиялық скринингтердің барлығын да сақтандыру жүйесі болған жағдайда ғана онко-қ скринингтен өте алатын.
Мұнан бөлек, бұрын тек туберкулез бен АИТВ-ға ғана тегін тексеру жасалатын. Ал енгізілген өзгерістер шеңберінде созылмалы вирусты гепатиттер, бауыр циррозы, қатерлі ісік, психикалық бұзылыстар мен инсульт ауруларына күдік туындаған жағдайда консультативтік-диагностикалық көмек те тегін көрсетілетін болады.
ЖҰПАР АЛҚОЖАЕВА - ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ОБЛЫС БОЙЫНША ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
/ ТМКК шеңберіне БМСК-нің базалық пакеті кіреді. Бұл жерде сақтандырылмағандар үшін емханаға келіп, алғашқы қаралу, вакцинациялар жатады. Және қан айналым аурулары, қант диабеті, глаукома, гепатит б/с, диагностикалық қадағалау. Ерте диагностикалық онкоскринингтер, жедел медициналық көмек, 11 әлеуметтік мәні бар ауруларға диагностика және паллиативтік көмек осы ТМККК шеңберіне толыққанды енгізіледі.
Елімізде бүгінгі таңда халықтың 83%-ы медициналық сақтандырылған азаматтар. Ал өңірде 25 медициналық ұйым бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсетеді. 2025 жылы бұл ұйымдар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен жалпы сомасы 63,9 млрд теңгеге шарт жасасқан. Ағымдағы жылдың соңына дейін бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары қосымша қаржыландырылатын болады.