#qyzylordatv

Шиелі ауданында «Денсаулық аллеясы» ашылды. «Бұл - жай ғана демалыс орны емес, спортпен айналысуға арналған жайлы орта» дейді көпшілік. Сондай-ақ, ауданда «Ауыл күндері» байқауы басталды. Дүбірлі додада ауыл халқы өз өнерін ортаға салып, спорттың бірнеше түрінен сайысқа түспек.

Әбділдә Тәжібаев ауылының тұрғындары ұйымшылдық танытып, айтулы шараның ажарын айшықтауға келіпті. Ақынның аты берілген ауылдың ауызбіршілігі мықты. Дәстүрлі байқауға елді мекендегі өнерлі жандар түгелдей қатысып жатыр. Мәселен, 10 жыл бұрын құрылған әжелер ансамблі көрерменді таң-тамаша етті.

 МЕЙРАМКҮЛ БИСЕНБАЕВА – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ/ Ауыл күніне әжелеріміз бар, немерелеріміз бар атсалысып, келіп отырмыз. Біз жастарға

 Байсындық тұрғындар да белсенді. Бірлігі жарасқан ауылдың халқы қолөнер бұйымдарын көпшілік назарына ұсынып, өз өнерлерін ортаға салды. Бір айта кетерлігі, Байсындық ақсақалдар ансамбль құрып, ауылдың атын алыс-жақын аймаққа шығарып жүр. Бұл жолы да ардагерлер байқаудан шет қалған жоқ.