#qyzylordatv
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні Қармақшыда кең көлемде аталып өтті. Аудан халқы мерейтой құрметіне орай салтанатты жиында бас қосты. Одан кейін тұрғындар патриотизм мен ел бірлігін насихаттайтын концерттік бағдарламаны тамашалады. Тілші бейнематериалында толығырақ.
Мемлекеттің даму жолындағы ең басты құндылығы – оның тәуелсіздігі мен құқықтық негізін айқындайтын Ата Заңы. Биылғы мерекенің орны ерекше — Конституциямыздың қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Осы тарихи белеске арналған іс-шара Мемлекеттік Туды салтанатты түрде сахнаға шығарып, Әнұранды орындаумен басталды. Одан соң ауданның түрлі саладағы жетістіктері мен даму көрсеткіштері жайлы бейнебаян ұсынылды. Бір қуантарлығы, жыл басынан бері Қармақшыда экономиканың барлық негізгі бағыттарында оң серпін қалыптасқан. Аудан әкімі Жандос Еркінбек дала заңынан бастау алған ел құжатындағы басымдықтар қалай жүзеге асып жатқанын сөз етті. Аудан халқын айтулы мерекемен құттықтап, газдандыру, жол жөндеу, тұрғын үймен қамту, теміржол вокзалдарын жаңарту сынды ірі жобаларға тоқталды.
ЖАНДОС ЕРКІНБЕК АУДАН ӘКІМІ Аймақ басшының ерекше қолдауы 20 млрд ең өзекті мәселелерді шешуге аударды.. Бүгінде аудан халқының 78 пайызы табиғи газдың игілігін көріп отыр. Қазіргі таңда Дүр Оңғар ауылына газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатса, келер жылы Төребай би, Иіркөл ауылдарына жалғастыруды жоспарлап отырмыз.Кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына, жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға әлі де тұрғын үймен қамтамасыз ету жалғасуда. Сонымен қатар, көлік-логистика саласында да жақсы жаңалықтарға қол жеткізудеміз. Үлкен әрі маңызды бастамалардың бірі - Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жолаушыларға қолайлы жағдай жасау бағытында құны 1 млрд теңгеден асатын Жосалы және Төретам кентіндегі теміржол вокзалдарына қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ теміржол өткелі де(переезд) салынуға жақын.Бұл игі бастамалардың барлығы – Ата Заңымызда бекітілген қағидаттар аясында жүзеге асуда»
Конституцияда мемлекеттік биліктің үш тармаққа бөлінуі, соның ішінде сот билігінің дербестігі мен тәуелсіздігі нақты бекітілген. Сот органдары осы Конституцияға сүйене отырып, әділдікті қамтамасыз етеді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды.Конституцияның 30 жылдығы құрметіне аталған саланың мамандары марапат төрінен көрінді.
Конституция күні — еліміздің тұрақтылығы мен бірлігінің айқын көрінісі, дейді ауданның құрметті азаматы Қаршыға Есдәулетов.
Конституция күніне арналған мерекелік шаралар легі аудан орталығындағы орталық алаңда жалғасын тапты. Кеш аудан өнерпаздарының патриоттық ән-күйімен басталып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Шараның көркін Қазақстан эстрадасының танымал жұлдыздары Дана Кентай мен Alham қатысқан концерттік бағдарлама аша түсті.
Айтулы күнге орайластырылған іс-шаралар легі қармақшылықтардың Ата заңға деген құрметі мен отансүйгіштігін паш етті.