#qyzylordatv

Биыл облыс орталығындағы бірнеше мектеп бірегей формамен қамтамасыз етілді. Нақтырақ айтқанда, арнайы тапсырыспен тігілді, біздің тілшіміз мектеп формасының сән-сапасына арнайы барып көз жеткізген еді, бірге көрейік...

 Бұл облыс орталығында орналасқан Сабсән ательесі. Биыл қаладағы бірнеше оқу ордасының оқушыларын мектеп формасымен қамтамасыз етті. Сапасы жақсы, киімнің кеуде тұсында мектептің логотипі белгіленген, бағасы қолжетімді, ал аз қамтылған бірнеше отбасы балаларына киім кәсіпкердің есебінен беріліпті.

 Жаңа оқу жылында №197 білім ошағының оқушылары да жаңа мектеп формасымен алтын ұясының табалдырығын аттады. Ала-құла емес, мектеп белгілеген дизайн мен түсте бірдей форма киінген оқушылар сонадайдан көзге сүйкімді көрінеді. Бір сөзбен айтқанда, үйлесімді, сәнді, ыңғайлы, сапалы мектеп формасы. Әсіресе 1-ші сынып оқушылары үшін бұл күн ерекше болды.

 Мына Хафиза есімді 1-сынып оқушысы да жаңа мектеп формасын қуана киіп, еркелікті артқа тастап, таңертең ерте тұрып, тәртіпті бала болып таудай талаппен білім алмақшы:

Ақпарат ретінде айта кетейік, биыл бұл білім ордасында 1200-ден астам оқушы оқып жатыр, оның 158-і мектеп табалдырығын алғаш аттады.