#qyzylordatv
Спорт әлемінен ақпар. Қызылордалықтар стенд атудан Азия біріншілігінде жүйелі өнер көрсетіп, 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.
Сұрмергендер сайысы Шымкент қаласында өтті. Онда Сыр өңірінің намысын қорғаған Әлішер Айсалбаев, Максим Коломоец, Асылхан Айсалбаевтар алтыннан алқа тағынды. Ал, Айжан Досмағанбетова командалық және ересектер арасындағы жарыстан екі күміс жүлде ұтып алса, микс-трап сайысында қола жүлдегер атанды.