#qyzylordatv

Жаңа оқу жылы ұстаздармен қатар ата-аналар үшін де қарбаласқа толы. Ұл-қыздарын мектепке дайындап, қажетті оқу-құралдарын алады. Осы тұрғыда «Татыран» компаниясы тағы бір нүктесін ашып, тұтынушыларға барынша жағдай жасап отыр. Яғни, тұрғындар базар аралап жүрмей-ақ іздеген затын бір жерден ала алады. Ал, 15 мың теңгеден артық сауда жасасаңыз, 50 дәптер тегін беріледі.

 «Татыран» компаниясы кеңсе тауарлары мен оқуға қажетті құралдарды бұған дейін көршілес Ресей мен Еуропа елдерінен әкелетін. Биылдан бастап Қытай нарығына кіре бастады. Яғни, тауарды тікелей зауыттан алып, ешқандай делдалсыз Қызылордаға жеткізеді.

 ЕЛДОС ӘЛИЕВ, «ТАТЫРАН» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ \Қызылорда облысы бойынша бізде бағалар төмен деп ойлаймын. Халыққа тиімді, қолжетімді. Мысалы облошкалар 250 теңгеден базарда 500-ден. Қаламсаптар 200 тг болса, бізде 115 тг. Сөмкелердің өзі 1500 тг басталады. Енді халық берер бағасын Таңдау түрі өте көп, 15 мыңдай түрі бар. Қазір біз Қытай мемлекетінің Ялонг, Делли деген үлкен компанияларымен контрактіге отырдық. Келесі жылдан бастап мұнан да төмен болады баға.

Сандуғаш Ержанова он жылдан бері «Татыранның» тұрақты тұтынушысы. Оның сөзінше сауда үйінің тауарлары сапалы, бағасы да тиімді. Алты баланың анасы базар аралап жүрмей, тікелей осы жерге келемін дейді.

 САНДУҒАШ ЕРЖАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ \Татыранды бұрыннан білем өзім, Общи дәптерлері ұнайды. Қымбат деп ойлайтынмын фирменный деп. Осы жолы ұнады маған, бәрі арзан. Сумка 5-6 мың шығар деп ойласам ең арзаны 3500 тг екен. Магазин кеңейіпті, ішке кірсең жаның жәй табады ше, бәрі бар\

Жұлдызай Қонысбекқызы да «Татыранның» тауарын тұтынады екен. Қала тұрғыны мектеп жасындағы балаларына қажетті оқу құралдарының бәрін осы дүкеннен сатып алыпты.

 ЖҰЛДЫЗАЙ ҚОНЫСБЕКҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ \үш баланы мектепке дайындап жатырмын. Арнайы осы магазинге келдім. Бағалары көңілден шығады. Еще 15 мыңнан асырсаң дәптер тегін. Мектепке қажетті заттардың барлығын алдымғой\

ЖҰМАБЕК НҰРӘЛИ, ОҚУШЫ \сабақ басталғаннан бері татыран магазинінен заттарды алып жатырмыз. Қолжетімді бағада\

 Бүгінде «Татыран» компаниясының бес нүктесі бар. Оның біреуі Арал ауданында. Ал, жаңадан ашылған дүкен ескі базар аумағындағы «Аль-Асад» сауда үйінің маңында орналасқан.