#qyzylordatv

Аймақта күзгі жиын-терім науқаны қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі күні облыс бойынша орылған күріш алқабының көлемі 64 мың гектарға жуықтап қалды. Оның 53 мың 945 гектары бастырылып, қамбаға 277 мың тоннадан астам Сыр салысы құйылды.

 Орташа өнім гектарына 51,4 центнерден келуде. Егін жинау қазанның бірінші онкүндігінде толық аяқталады. Еңбекші қауым алажаздай күтіп-баптаған дақылды жауын-шашынға қалдырмай қамбаға құйып алуға тырысуда. Жалпы облыс бойынша күзгі егін жинау жұмыстарына төрт мыңның үстінде техника тартылған. Олардың барлығы арзандатылған дизель отынымен қамтылып отыр. Жанар-жағармайды жеткізуші жергілікті операторлармен келісім жасалып, жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде, дейді сала басшысы Талғат Дүйсебаев. Айта кетейік, биыл аймақ диқандары 80 мың гектардың үстінде күріш екті. Былтырғы жылмен салыстырғанда күріш көлемі 4,7 гектарға қысқарған.

 ТАЛҒАТ ДҮЙСЕБАЕВ-ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ//Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес суды көп қажет ететін күріш егіс көлемі оңтайландырылып келеді.Былтырғы жылмен салыстырғанда күріш көлемі 4,7 мың гектарға қысқарды.Ағымдағы жылы вегетациялық кезең Сыр шаруалары үшін өте күрделі болды.Өңіріміздің аграрлық секторын сумен қамтамасыз ету мақсатында үкімет резервінен 53 жылжымалы дизельді насос алуға 1 млрд.теңге бөлініп,барлық каналдарға су алу кестесі бекітіліп,егісті кезектестіріп су жеткізілді.Келген су көлемін тиімді пайдалану мақсатында қашыртқыдағы су екінші мәрте пайдалану үшін облыста 324 дана насос қондырғылары пайдаланылды. Облыс бойынша биылғы жылы ерте егілген дәнді дақылдарды жинау жұмыстары бүгінгі тада аяқталды,қазіргі таңда күріш,мал азықтық.майлы дақылдармен қатар көкөніс,бақша дақылдарын жинау жүргізілуде.