#qyzylordatv

Облыстық прокуратура бастамасымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» акциясы жалғасуда. Осыған орай Қармақшы аудандық прокуратурасы мен полиция бөлімінің қызметкерлері ата-аналармен бірлесіп, түнгі рейдке шықты.

Қадағалаушы орган өкілдері алдымен Жосалы кентіндегі орталық алаңда ата-аналармен кездесіп, акцияның мән-маңызын түсіндірді. Түнгі рейд - баланың еркіндігін шектеу емес. Олардың қауіпсіздігін қорғау. Түрлі қылмыс пен жазатайым оқиғаның алдын алу. Сондықтан аудандық прокуратураның аға прокуроры әрбір ата-ананы қырағы болуға, ал балаларды түнгі 23:00 ден кейін көшеде тентіреп жүрмеуге шақырды.

 Ал, құқық қорғау қызметкерлері аудан орталығындағы көңіл-көтеретін орындарды аралап, жасөспірімдерді беймезгіл уақытта демалыс орнына заңды өкілінсіз кіргізуге болмайтынын түсіндірді. Айта кетейік, 15-ші қыркүйекте басталған рейдтік іс-шара қазан айының 15-не дейін жалғасады.

 ЕРКІН МҰСАЕВ - АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ//Қазіргі таңда іс-шара бойынша аудан көлемінде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Яғни, аудандық полиция бөлімі, білім бөлімі және де ата-аналар, жастар бөлімі бірлесіп,// іс-шаралар, түнгі рейдттер ұйымдастырылып, қазіргі таңда көшедегі жасөспірімдердің жүруіне тыйым салынып жатыр. Аталған іс-шараның мақсаты жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу. // Қазіргі таңда аудандық полиция бөліміне профилактика есебіне 10 жасөспірім есепке алынды.