#qyzylordatv
Қызылордалық полицей Арайлым Оразбай белбеу күресінен өткен ел чемпионатында топ жарды.
Қыркүйектің 25-і мен 28-і аралығында Көкшетау қаласында өткен байрақты бәсекеде Сыр намысын облыстық полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы саптық бөлінісінің инспекторы Арайлым Оразбай қорғады. 76 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен ол барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Айта кетейік, спортпен жастайынан айналысатын жігерлі қыз бұған дейін де түрлі жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанған болатын.