Негізгі Жаңалықтар Қала әкімінің орынбасары тағайындалды

Қала әкімінің орынбасары тағайындалды

#qyzylordatv

Шаһар басшысы Нұржан Ахатовтың өкімімен қала әкімінің орынбасары қызметіне Абызов Ділмұхамед Мінуарбекұлы тағайындалды.

 Ділмұхамед Мінуарбекұлы 1978 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін «Тау-кен инженері», Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институтын «Экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1997 жылы «Сырдария мұнай» акционерлік қоғамында бұрғылаушы болып бастаған. Ал, 2001-2016 жылдар аралығында «Харрикейн Құмкөл Мұнай» компаниясында оператор болып жұмыс істеген және түрлі кәсіпкерлік салаларда қызмет атқарды. 2016 жылдан бастап «Далатекс» серіктестігінің директоры, қалалық мәслихаттың 7 және 8-ші шақырылым депутаты болды.

 Айта кетейік, Ділмұхамед Абызов енді қаланың кәсіпкерлік және өнеркәсіп, қоғамдық даму, мәдениет және тілдерді дамыту, дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімдеріне жетекшілік жасайды. 

Бөлісу