#qyzylordatv

«Жұмысшы мамандықтар» жылына орай Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде келелі кездесу болды. Жиынның мақсаты – еңбек ардагерлерінің өмір жолын дәріптеп, жастар мен аға буын арасында рухани байланыс орнату.

 Іс-шара «әлеуметтік серіктестік» жобасының негізінде ҚазГермұнай компаниясы және колледж басшылығының бастамасымен ұйымдастырылды. Мұнай саласының майталмандары өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, қызмет еткен жылдарын тілге тиек етіп, тәрбиелік мәні бар әңгімелер айтты. Кездесу барысында студенттер ардагерлердің әңгімелерінен өткеннің өнегесін, бүгінгі күннің бағасын, еңбектің қадірін сезінді.

 РАЗИЯ ҚАЛЖАНОВА - «АРДАГЕР-МҰНАЙШЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ҚазГермұнай компаниясының біздің жұмыс жоспарымызда биылғы жылы еңбек күніне байланысты жоспарымыз бар болатын. ҚазГермұнай компаниясы еңбек еткен ардагерлердің іс тәжірибесі мен осы агроколледждің студенттерімен бөлісу туралы кездесу. Бүгін бір топ ардагерлер келіп студенттермен кездесіп көптеген өздерінің өмір жолдары туралы мәліметтер беріп жатыр. Ардагерлер көп жылдар еңбек еткен, еліміздің экономикалық қара алтын өндіру саласындағы жұмыстарына үлкен еңбегі сіңген ардагерлер барлығыда.

 ӘЛИЯ НҰРПЕЙІСОВА, КОЛЛЕДЖ ӘДІСКЕРІ

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды жұмысшы мамандығы жылы деп атап көрсеткен болатын. Осы орайда 95 жылдық тарихы бар Исатай Әбдікәрімов Қызылыорда политехникалық колледжінде көптеген іс шаралар өткізілуде. Сондай бір керемет іс шараның бірі әлеуметтік серіктестік колледжіміздегі. КазГермұнай ЖШС бірге ұйымдастырып отырған еңбек күнін, Бұл іс шарада еңбек ардагерлерін ұлықтау бірінші мақсатымыз, екіншіден сол еңбек ардагерлерінің ұзақ жылдар бойы жасаған ерен ерлігін еңбегін жастар бойында қалыптастыру болып табылады.