#qyzylordatv

Төртінші қазан күні осы Сырдың сол жағалауынан бой көтерген су жаңа стадионда футболдан Қазақстан кубогының финалдық бәсекесі өтеді. Күні кеше аталмыш доданың бас кубогы Қызылордаға жеткізіліп, Сыр жұртшылығына таныстырылды.

«Арай сити мол» сауда орталығында ұйымдастырылған шараға қала тұрғындары белсене қатысты. Бағалы кубокты қызықтаушылар жетерлік. Сол үшін де ұйымдастырушы тарап тұрғындар көп келетін осы сауда орталығын таңдапты. Ауқымды спорттық сайыстың өтуіне санаулы күн қалды. Айта кетейік, Қазақстан кубогының финалы осыған дейін Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында ғана ұйымдастырылған. Енді міне байрақты бәсеке Қызылордада алғаш рет өткелі отыр. Қазір дайындық жұмыстарының қызған шағы.

БАҚТИЯР АРТАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ / Өздеріңіз көріп отырғандай, УЕФА стандарттарына сай төртінші дәрежелі стадион соғып, ашқалы жатырмыз. Соның ресми ашылуы қарсаңында ел кубогы өтейін деп жатыр. Федерация сенім білдіргендеріне рақмет. Жанкүйерлерімізді жақсы кеш күтейін деп тұр. Жақсы кештен бөлек концерттік бағдарламаларымыз болады. Осы стадионда келер жылдан бастап өзіміздің «Қайсар» клубымыз ойнай бастайды.../

 БАҚЫТЖАН ПАЗЫЛХАЙЫР – ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ЖАРЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ /Мінекей өздеріңіз көріп отырғандай Қызылорда қаласына Қазақстанның кубогы келіп отыр. Төртінші қазан күні, сағат 18:00-де жаңадан салынған «Қайсар» аренада финалдық ойын өтеді, Ордабасы мен Тобыл арасында. Бұл командалар өзара 3 рет кездескен. Жалпы екі команда да екі реттен кубокты жеңіп алған. Бір айтулы оқиға болайын деп тұр.../