#qyzylordatv
Мәжілісте «ТМД елдерінде радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау туралы келісімді» ратификациялайтын заң мақұлданды. Енді радиация тарататын материалдарды алып жүру арнайы рұқсатпен және бақылаумен жүзеге асады. Жаңа құжат қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған.
Енді радиоактивті материалдарды заңсыз тасымалдауға жол берілмейді. Бұған қатысты мәжілісте тиісті заң жобасы мақұлданды. Басты мақсат – радиация тарататын уран, плутоний сияқты ауыр металлдар, ядролық отын немесе медициналық, ғылыми изотоптарды жөнелту кезінде ортақ тәртіп орнатып, қауіпсіздікті сақтау.
АЙДОС САРЫМ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Мысалы үшін біздің бір кішкентай ғана ұнтағымыз басқа жаққа шығып кетсін, Қазақстан қауіпсіз мемлекет емес екен немесе радиоактивті материалдарды бөтен бір содр топтарға берген екен, сатқан екен деген әңгіме шықса еліміздің имиджіне теріс әсер ететін дүние.01:28 Бұның өзі үлкен тәртіпті, мәдениетті талап ететін дүниелер.