#qyzylordatv
«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова 9 айда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.
Жиында партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған Жол картасының орындалу барысы да баяндалды. Жол картасының негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсартып, тұрмыс деңгейін көтеру. Аймақта осы бағыттта «Аманат» партиясы облыстық филиалының бастамасымен бірқатар жұмыстар атқарылуда.
ЛӘЙЛӘ ТӨРЕШОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ
Биылғы жылы жол картада 110 іс-шара жасалып тұрса, соның 32 пайызы қазіргі кезде толық орындалды және 68 пайызы жылдың соңына дейін жүзеге асырылатын болады. Атап айтқанда, әлеуметтік нысандар ашылып жатыр, газ мәселесі жол, жылу деген мәселелері, тұрғын үй облыста қарқынды түрде жасалып жатыр.Жылдың соңына дейін де жоспарлар толық аяқталады. Мысалы Қармақшы ауданында екі бірдей ауылда спорт кешендері берілді, Келешек мектептер жүзеге асырылып жатыр, қазіргі кезде жұмыстары басталып кетіп жатыр.Елдімекендер газдарылып жатыр. Ол жерде де жоспарды орындалып тұр.Биылғы жылы екі елдімекен газбен қамтамасыз етілді. Үш мың жеті жүз адам көгілдір отын. игілігін көріп отыр. Қазалы ауданы, Ақтан батыр, Сырдария ауданында, Ілиясов ауылы. Бұл жұмыстар жылдың соңына дейін толығымен жүзеге асатын болады.
Ләйла Төрешованың айтуынша, қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 6092 арыз-өтініш түсіп, оның 62,8 пайызы оң шешілді.