#qyzylordatv

«Анаға тағзым» орталығында әскер қатарына шақырылған жастарды шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды. Іс-шараға сарбаздардың ата-аналары мен жақындары келді.

 «Анаға тағзым» - жас ұрпаққа отбасы құндылықтарын дәріптеп, ұлттық тәрбие беру жолында қызмет көрсетіп отырған рухани орталық. Осы қасиетті шаңырақта өткен рәсім сарбаздарға үлкен жауапкершілікті сезіндіріп, жігер берді.

 СӘУЛЕ БАТЫРБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

 Балдарымызды шығарып салып жатырмыз. Мына жерде жақсы ұйымдастырған екен. Отан алдындағы борышын өтеуге көңілді шығарып салып жатырмыз. Елге аман есен оралсын. Отан алдындағы міндеттерін жауапкершіліктерін жақсы түсінеді деп ақ тілекпен бүгін анаға тағзым алаңында бүкіл ана ақ тілегімен шығарып салып жатыр

НҰРЛЫБЕК СЕЙТХАНОВ, ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ ЖӘНЕ ӘСКЕРДЕН ТЫС ЖҰМЫС БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ Бүгін Қызылорда облысының анаға тағзым орталығында біздің Қонаев қаласында орналасқан ДШБ 35ші бригадасына 30 азаматымыз аттануда. Бүгін аналардың барлығы келіп осы жерде үлкен облыс деңгейінде іс шара өтіп, қоштасу рәсімі өтті. Сарбаздарымызға ақ жолдарын тілеп ата аналары осындай үлкен іс шара атқарылды. Және де бұл жұмыстарымыз әрі қарай мерзімді әскерге шақыру жұмыстары желтоқсан айының 30ы дейін жалғасатын болады.