#qyzylordatv
Қарттар күні мерекесі Жалағаш ауданында кеңінен аталып өтті. Аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған салтанатты шарада қазыналы қарияларға сый-құрмет көрсетіліп, мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Қарттар - елдің қазынасы, халықтың шежіресі. Жалағаш ауданында бүгінде төрт мыңға жуық ардагер бар. Олардың қоғамдағы орны қашан да айрықша. Бұл күні ардагерлердің еңбегі еленіп, өнегелі өмір жолы жас ұрпаққа үлгі ретінде насихатталды.
ҒАНИ СҮЛЕЙМЕНОВ - АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
// Үлкенге қызмет жасау, үлкенді құрметтеу біздің қанымызда сіңген қасиет. Сондықтан осы ортамызда отырған ақ жаулықты апаларымыз, қария үлкен ардагерлеріміздің екі дәуірдің куәсі болған ауданымыздың 85 жылдық тарихында арнайы үлкен қол-іздері қалған ардагерлеріміз. Біз енді жалғыз осы 1 қазан қарттар күні емес, 1 жылда 365 күн болса, сол 365 күнде сый-құрмет жасауға біз дайынбыз. Сондықтан сіздер соған лайықтысыздар.
Ұрпаққа бағыт-бағдар беруде, елдің өсіп-өркендеуінде қариялардың еңбегі ұшан-теңіз. Салтанатты жиында аудан әкімі атынан ардагерлерге алғыс хат табысталды.
ШАРИПА ҚОЖАХМЕТОВА – ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ 0442 // Жалағашқа тұрғаныма 30 жылдай болды. Мен Жалағаш совхозы, Қаракеткен деген ауылда тұрғанбыз. Жалағаш совхозында 34 жыл бухгалтер қызметін атқарып, сосын зейнетке шығып, менің зейнетке шыққанымның өзіне де 31жыл болыпты. Балалардың ортасында аман-есен жүріп жатырмыз. Ел- халқымыз жақсы, осындай тойлар бола берсін.
ТЕМІРБЕК САХИЕВ – ЕҢБЕК АРДАГЕРІ
/ 1970 жылы мектеп бітірдік, содан бері қарай мінекей 45 жылдай еңбек еттім. Бұрынғы Жаңаталап совхозы, қазіргі Мақпалкөл шаруа қожалығында еңбек еттік. Механизатор болдым, токарь болдым, тағы әртүрлі салада жұмыс атқардық. Осындай еткен еңбегіміздің жемісі деп білемін. Жастарға айтатын ақыл-кеңесіміз біз еңбекпен шыңдалдық, сіздерде сол сияқты әрқашанда еңбек етіңіздер.
ЖАҚСЫГҮЛ ЖЫЛҚЫШИЕВА- ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ // Сауда саласында 30 жылға жақын істеп, пенсияға шықтым, сонда жәй бухгалтер болып істедім, главный бухгалтер болып істедім. Аудан тұрғындары, аудан басшысы менің еңбегімді елеп жатыр рақмет. Әрқашан да жастардың жұмысы баса берсін. Тек қана тиыштық болып, жақсылық бола берсін.
Ардагерлерге көрсетілген сый-құрмет - жас ұрпаққа өшпес өнеге. Қарттарын қадірлеген елдің ырысы мен берекесі қашан да арта бермек. Мерекелік кеште қариялар кейінгі буынға ақ батасын берсе, аудан өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынды.