#qyzylordatv
Достық үйінде 5547 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен «Біртұтас мемлекет - айбынды армия» тақырыбында облыстық форум өтті. Жиында жастарға патриоттық тәрбие беру, отансүйгіштік қасиетін арттыру және азаматтарды әскерге шақыру тақырыбындағы өзекті мәселелер талқыланды.
5547 әскери бөлімінде бүгінде бес жүзден астам сарбаз Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп жүр. Олардың арасында еліміздің өзге өңірлерінен келген жастар да бар. Форумның мақсаты – әскери сала қызметкерлерін, жас сарбаздар мен олардың ата-аналарын дөңгелек үстел басына жинап, еркін форматта әңгімелесу. Жиында әскери бөлімнің командирі Жасұлан Беркенов сарбаздарға әскери-патриоттық тәрбие беру, олардың денсаулығын шыңдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Жастардың отансүйгіштік сезімін ояту - әскери бөлімнің ғана емес отбасының, мектептің, қоғамның ортақ міндеті. Сондықтан тәрбие отбасынан басталуы тиіс. Ал, мектеп қабырғасында «Жас сарбаз», «Жас ұлан» сияқты ұйымдардың жұмысын күшейту маңызды.
БЕРІК КАРАМАНОВ, 5547 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ \Солдаттар ата-анасының жүрегі. Сол кісілермен облыс көлемінде форум өткізіп жатырмыз. Ата-аналарды да шақырдық. Әрі қарай «Әскер ата-аналардың көзімен» атты ашық есік күнін жариялаймыз. Соған шақыратын боламыз ата-аналарды. Төрт облыстан келіп қазір сарбаздарымыз өзінің борышын өтеп жатыр \
ЖАРҚЫНБИКЕ ШАРАПОВА, «АНАЛАР ЖҮРЕГІ» РҚБ ӨКІЛІ \Балдармен жеке жеке сөйлесеміз, анонимді тесттер жасаймыз ойларыңды ашық жазыңдар деп. Өте жақсы тәрбиелі әскери бөлім. Әрбір балаға офицерлер өзінің баласындай қарайды. Мүмкіндігінше жақсы жағдай жасалып жатыр. Дәлізге таксофон қойылды ата-анасымен сөйлесуге. Бәріне мүмкіндік жасалған \