#qyzylordatv
Облыстағы іргелі білім ошағы – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұжымы жоғары білім қызметкерлері күні мен қарттар күнін қатар атап өтті. Бүгінде университетте 330 ардагер бар болса, оның 104-і әлі де жастарға білім беріп жүр.
Сыр өңірінің ғылыми прогресі, инновациясы және білім беру үдерісінің негізгі қозғаушы күшіне айналған оқу ордасының әлем аренасында өзіндік орны бар. Азиядағы үздік университеттердің тобына енді, 2024 жылы алғаш рет әлемнің 107 елінен 1744 ЖОО арасында QS тұрақты даму рейтингіне кірді. Университет бүгінде жасанды интеллект, ІТ салаларында нано және биотехнологияға негізделген білімге басымдық беріп отыр.
Ал, жоғары білім қызметкерлері мен қазыналы қарттар күнінің қатар мерекеленуі – жас ұрпаққа сапалы білім берумен қатар, тағлымды тәрбие мен өмірлік өнегенің қатар жеткізілуінің жарқын үлгісі.