#qyzylordatv

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында білім беру саласына қосқан елеулі үлесі және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ ұстазды мемлекеттік наградамен марапаттады. Құрмет төрінен көрінген ұстаздардың қатарында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ұлжан Жанбершиева мен №15 мектеп-лицейінің мұғалімі Күміскүл Серекеева бар.

Ұлжан Нахатқызы Президент қолынан "Парасат" орденін алды. Ол 1983 жылдан бастап бүгінге дейін Қызылорда университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасында қызмет атқарып келеді. Профессор Сыр өңірі ақын-жазушыларының шығармаларын теориялық және әдістемелік тұрғыда негіздеген бірден бір ғалым. Ғалымның 12 оқу-әдістемелік құралы, 2 монографиясы, 4 әдеби-зерттеу еңбегі мен 250-ден астам ғылыми мақаласы жарық көрген. Саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеп, сапалы кадр дайындауға арнаған жанды әріптестері әуежайдан құрмет-қошеметпен қарсы алды.

 ҰЛЖАН ЖАНБЕРШИЕВА ¬– ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ /// Бүгінгі таңда жасұрпақты тәрбиелеуде үлкен проблемалар бар. Осы проблемаларды шешуде күш-жігерімізді аямай жұмсаймыз деп жатырмыз. Еңбегің әркезде бағаланады екен. Ұлы Абайдың: «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға» дегендей, осы ұзақ жылғы еңбек тәжірибемнен алып отқан үлкен марапат. // Үлкен сезімде болдық, қуанышта болдық. // Осы марапат мен үшін келешекке үлкен үмітпен қарайтын, ұрпақ тәрбиесінде жастарға білім беруде, заманауи технологияны игеріп, жастарды тәрбиелеуде маған шабыт береді ғой деп ойлаймын.

 Ал қаладағы Мырзабек Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінің мұғалімі Күміскүл Серекееваға «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді. Арқа төсінде абырой биігінен көрінген мұғалім де туған жерге оралған бойда жерлестерінің қошеметіне бөленді.

КҮМІСКҮЛ СЕРЕКЕЕВА ¬- М.ДҮЙСЕНОВ АТЫНДАҒЫ №15 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ МҰҒАЛІМІ Барлық ұстаздар қауымын осы біздің келе жатқан төл мерекемізбен құттықтаймын. Еңбектеріне табыс тілеймін. Әрине ұстаз болу оңай емес. Оның қиындығы да қызығы ба бар. Сол ұстаздық жолдарында табыс тілеймін.

Айта кетейік, Астана төрінде болған салтанатты жиында мұғалімдердің еңбегі мен халықтың білім деңгейін көтеруге қосқан үлесі жоғары бағаланды.