#qyzylordatv

Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағының 70 жылдығына орай жұлдызды қалашықта ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі болды. Қармақшылық тауар өндірушілер өз өнімдерін нарықтағы бағадан біршама төмен сатты.

 Берекелі күздің берері көп. 40-қа жуық автокөлікпен жеткізілген өнімдер көздің жауын алады. Бұл қармақшылық шаруалардың жаз бойғы еңбегінің жемісі. Сөреге ет-сүт, шұжық, балық өнімдері, күріш, ұн, көкөніс, жеміс-жидек, бал және тағы да басқа өнімдер қойылды.

 Жәрмеңкеде әсіресе, көкөніс пен балыққа сұраныс жоғары болды.

 ӘСЕТ ОМАРОВ – ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ //Біз осы кезде 37 автокөлікке тиелген 64 тоннаға жуық өнімді әкелдік. Бұл біздің шаруашылықтардың ала жаздайғы еткен еңбегін нарық бағасынан арзан етіп, Байқоңырлық тұрғындарға ұсынуда. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, қармақшылық тұрғындар 408 гектар бақша еккен. Бұл жолы біз 40 тоннадай көкөніс, 15 т күріш одан бөлек балығымыз, қауын-қарбызымыз, етімізді әкелдік.//

Тілші: Көпшілік осылайша қыс азығын қамдап, жақсы көңіл күймен тарқасты.