#qyzylordatv
Терең білімді ерең еңбекпен ұштастырып жүрген жаңақорғандық ұстаздардың құрметіне мерекелік кеш өтті. Төл мерекеде еңбегімен елге танылып, шәкірттері шыңнан көрінген ұстаздар марапат төрінен көрінді.
Жаңақорған жұрты егінге епті. Себебі, жері құнарлы, шөбі шүйгін. Тиісінше, ауданда ауыл шаруашылығының барлық түрі дамыған. Мұны ескерген ұстаздар оқушылармен ұстаханада ауылшаруашылығы техникасына цифрлық жүйені енгізіп, жаңа қондырғыны құрастырып шығарыпты.
АБЗАЛ МҰЗАХАНОВ ¬– АУДАНДЫҚ №293 КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІНІҢ ҮЙІРМЕ ЖЕТЕКШІСІ // Техникалық шығармашылық бағытында екі оқушымды облыстық деңгейге апарған болатынмын. Оның ішінде ауыл шаруашылығы автокөлік модельдерін құрастыру. Сол екі номинация бойынша екі оқушым жүлделі орындармен қайтты. Оның ішінде жылжымалы шаштараз және жер текістейтін «Мара» техникасын жасаған болатынбыз. //Техникалық шығармашылық бағыттағы тағы да осы технологияларды жасанды инттелектіні қосып, өздері жұмыс жасайтындай істеу ойымызда бар.
Аудан әкімі оқушылардың жұмысын оң бағалады. Жалпы, мерекелік кеште ұйымдастырылған көрмеде аудандағы білім ұйымдарынан келген оқушылар жасанды инттелектімен жасаған жұмыстары мен құрастырған роботтарын таныстырды. Мәселен, 8 сынып оқушысы ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерей тойына арнап «Gemini AI» жасанды интелектісімен кітапша құрастырып шыққан.
Білім алушылардың бастамасы жаман емес. Бірақ, балалар бұл жобаларын тереңірек зерттеп, оқушылар жаңашылдыққа бейімделуі үшін жағдай жасалуы керек. Бұл ¬- заман талабы. Аудандық білім бөлімі бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіруге білек сыбана кірісіп кеткен. Бүгінде ауданда 45 мектеп болса, соңы 23-інде жасанды инттелекті еңгізілуде.
НАРИМАН ЖАХУДАЕВ ¬– АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ // Оның ішінде роботатехникамыз бар. Жасанды инттелектіге бағытталған сабақтарды кешенді түрде енгізу мақсатында қазір осы 23 мектеппен негізгі, үздіксіз жұмыстар жасалуда. Әдістемелек кабинеттің көмегімен қазір облыстық деңгейге 3 мектеп шығып отыр. Негізгі мақсаттың бірі: жасанды инттелектінің сабақ процнсіне енгізу. // Мәселен 286 мектепте осы жасанды инеттелектіні химия пәніне пайдалану мақсатында// бұған дейін біз қолмен пайдаланатын болсақ. // бұл жерде жасанды инттелекті арқылы соның нақты бағыт, бағдарын, түсін анықтауды жасап жатыр.
Иә, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие мен адамгершілік тұрғыдан бағдар беріп, жөн сілтейтін ұстаздар енді мұнымен шектеліп қалмауы керек. Цифрлық технологияны өздері де терең меңгеріп, керек десе әр оқушыға жасанды инттелекті арқылы жеке бағдарлама әзірлеуі керек. Бұл – президенттің пәрмені, деді аудан әкімі. Мажит Самитов мерекелік шарада ауданның ұлағатты ұстаздары бұл бағытта бағындыратын белестері көп екендігіне сенім білдірді.
МАЖИТ САМИТОВ ¬– АУДАН ӘКІМІ /// Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жолдауында // мектеп қабырғасынан бастап цифрландыруды дамтырып, жасанды инттелекті жаппай енгізу туралы аса жауапты мінетті жүктеді. Бұл заман талабы. Ал оны жүзеге асыруда ұстаздар қауымының рөлі ерекше. Сондықтан мұндай мақсатқа жету үшін Сіздерден қажырлы еңбек пен кәсіби жауапкершілік қажет. Жаңашылыдыққа ұмтылған біздің ұстаздарымыз бұл міндетті абыроймен атқаратынына сеніміздіміз.
Тілші: Білім саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген жандардың еңбегін тілге тиек еткен аудан әкімі, үздіктердің үздігін марапаттады.
Әлқожа Айдаровтың білім саласында еңбек етіп жүргеніне қырық жылдан асқан. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаз «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
ӘЛҚОЖА АЙДАРОВ - №213 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ // Өз мамандығымды сүйемін. Қазіргі жаңа технологиямен // бормашинкамен әйнекке сурет салуды үйретіп жатырмын. Қазір балалардың қызығушылығы да өте көп. // Мереке қарсаңында еңбегімізді бағалап, осындай марапатқа ие болып жатырмыз. Өте қуаныштымын.
Мәртебелі маман иесінің бірі бастауыш сынып мұғалімі Жәмила Тілеубергенова. Ерекше еңбегімен дараланған педагогке салтанатты шарада оқу-ағарту министрлігінің «Құрмет грамотасы» табысталды.
ЖӘМИЛА ТІЛЕУБЕРГЕНОВА ¬- №245 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ//
Өскелең ұрпақты сапалы білім, саналы тәрбиемен сусындатқан мұғалімдерге құрмет ерек. Аудан өнерпаздары ұстаздарға құрмет ретінде бала бағбандарын әсем ән мен тәтті күйге бөледі.