#qyzylordatv
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай өңірде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Солардың бірі – корей этномәдени бірлестігінің мерекелік фестивалі. Дәстүрге айналған іс-шара биыл «Отбасы мен салт-дәстүрлер күні» тақырыбында аталып өтті.
Ашық аспан астында өткен фестивалдің шымылдығы ұлттық самульнори әуенімен әрленген қойылыммен түріліп, вокалдық топ әндер шырқалды. Мұнан кейін, таэквондо өнері мен дәстүрлі би қойылымы көпшіліктің назарына ұсынылып, корей этносының мәдениеті мен ұлттық өнері ұлықталды. Сондай-ақ, фестивальге қатысушылар ұлттық тағамдардың жасалу жолын тамашалап, түрлі тәттілерден дәм татты.
ИРИНА ЕН – «ҚАЗАҚСТАН КОРЕЙЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ОБЛЫСТЫҚ ҚБ БЕЛСЕНДІ МҮШЕСІ //Аударма: біз күз мезгілінде «Отбасы күні» деп аталатын мерекелік фестивальді атап өтуді дәстүрге айналдырдық. Бұл күннің ең маңыздысы корей этносының мәдениеті мен дәстүрін таныстырып қана қоймай, отбасы құндылықтарын дәріптеп, достықты нығайту. Іс-шарада елдің қонақжайлылығы мен тұрмыс-тіршілігі ерекше дәріптеліп жатыр. Қуаныштымыз.//