#qyzylordatv #жұмысшымамандықтаржылы
Жұмысшы мамандықтар жылына орай облыс орталығында семинар өтті. Жиында аймақ жастарына кәсіптік бағдар беру және еңбек нарығына қажетті жаңа мамандықтарды енгізу мәселелері талқыланды
Мұстахым Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық – ІТ жоғары колледжі бүгінде 20-дан астам үлкен өнеркәсіптік мекемелермен келісімшарт жасасып,әлеуметтік әріптестік орнатқан.
БЕКТҰР ҚАЛИ – М.ЫҚСАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ТЕХНИКАЛЫҚ - ІТ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ// Қазіргі таңда колледждің білікті мамандар даярлау жұмыстарына айти технология белсенді қолдануды енгізіп жатырмыз.Білім алушылардың колледжді бітіргеннен кейін бизнес,кәсіпкерлікке бет бұру мақсатында колледждің базасында бизнес стартап орталығын аштық.Сонымен қатар,жаңа технологиялар ақпараттық технологияға негізделген қаржының шеңберінде жаңа цехтар іске қосылды.
Аталған колледж бен кәсіпкерлер палатасы арасындағы екіжақты меморандум өз нәтижесін беруде. Қазір жас мамандар кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр. Ал, бизнес ашуға бейім студенттерді қолдау мақсатында «Бизнес стартап жобасы» қолға алынған.
ЛӘЙЛӘ МҰРАТБЕКҚЫЗЫ- М.ЫҚСАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ТЕХНИКАЛЫҚ - ІТ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ// білім алушылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту мақсатында 100 бизнес стартап орталығын құру және оны дамыту жоспарда бар.Біз осыны негізге ала отырып бүгін жаңа бизнес стартап орталығын,жұмысын бастадық.Жалпы бұл орталықтың мақсаты-оқу орнындағы кәсіпкерлікке бейімі бар,болашақ өз өмірін кәсіппен байланыстыратын білім алушыларды қолдау.
ПІРМҰХАММЕД СЫЗДЫҚОВ – ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
//Студенттердің дуальды оқыту арқылы өндіріспен байланысу мәселесі қаралып жатыр. Барлық колледждерде де осындай дуальды оқыту бойынша әлеуметтік серіктестер іздеп жатырмыз.Осы арқылы еңбек мамандары тәжірибе алып ертең дайын жұмысшы маман болып шыға келеді.
Осылайша өңіріміздегі ірі кәсіпорындармен іскерлік байланысты нығайту көзделіп отыр.Бұл болашақ мамандардың тұрақты жұмысқа орналасуына септігін тигізбек.