#qyzylordatv

«Алматы-1» вокзалын жаңғырту тым ұзаққа созылып кетті. Сондай-ақ Ақмола, Жетісу, Ақтөбе, Абай және Ұлытау облыстарында да жұмыстар өте баяу жүріп жатыр. Осылай деген Премьер-Министр бүгін аталған өңір әкімдерін сынға алды.

Олжас Бектенов биыл теміржол вокзалдарын жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстары басталғанын, қысқа мерзімде мердігерлер айқындалғанын, оларға да, әкімдіктерге де қолайлы шарттар жасалғанын алға тартты. Бір сөзбен айтқанда Үкімет осы міндеттің уақтылы орындалуы үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдады, алайда әкімдіктердің құрылыс барысына бақылауды босаңсытып алған. Құрылыс сапалы жүргізіліп, белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс,-деді Олжас Бектенов.