#qyzylordatv #заңментәртіп

Аймақта «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтың алдын алу үшін ол 1 желтоқсанға дейін жалғасады.

 Іс-шара барысында профилактикалық есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Беймезгіл уақытта көшеде жүрген мыңан астам кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып, олардың 58-і бейімдеу орталығына орналастырылды. 9142 тұрғынның аңшы қаруы тексеріліп, нәтижесінде тіркеуде жоқ 64 аңшы мылтығы, 3 шолақ мылтық, 1 ұңғысыз травматикалық және 6 газды тапанша тәркіленді.