#qyzylordatv

Қала орталығында «Ауди С4» жеңіл автокөлігі түгі қалмай өртеніп кетті. Абырой болғанда адам аман.

 Оқиға күні кеше сағат 18:00 шамасында Ыбырай Жақаев пен Қорқыт ата көшесінің қиылысында болған. Анықталғандай көлік иесі автокөлікті басқарып келе жатқан уақытта қозғалткыш жүйесінен өрт шығып, қызыл жалын көліктің салонына жайылған. Қала тұрғыны дереу көліктен сыртқа шығып, 112 құтқару қызметіне хабарласыпты. №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына жетіп, өртті ауыздықтауға тырысты. Алайда, автокөлік толығымен жанып кетті.

ҚУАНЫШБЕК ЖАҢАБАЕВ - №2 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ //Шақырылған жерге 18:17 уақыт кеткенде оқиға орнына келдік. «Ауди» жеңіл автокөлігі толық жанып жатқандығы анықталды. 18: 22 минутта өрт толығымен жойылды. Зардап шеккен адамдар жоқ. Көлік жүргізушінің айтуынша, жолда келе жатқанда қозғалтқыш бөлігінен өрт шыққан. Дереу автокөлікті тоқтатып, әрі қарай өрт байланыс бекетіне қоңырау шалған.//