#qyzylordatv

Тұрғындар жылжымайтын мүлкінің мекенжайын айқындау кезінде әуре сарсаңға түседі. Әсіресе, кәсіпкерлік нысандардың құжаттарын даярлау кезінде кездесетін кедергі көп. Сондықтан, мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру керек. Тіпті қызмет алушыны сандалтпай, тез арада мәселесін шешудің тиімді тетігін табу маңызды. Ведомстоваралық жұмыс тобының кезекті отырысында облыс бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Ерлеген Мендалиев осылай деді. Жиында талқыға түскен тақырып турасында әріптесім Елдос Асан тарқатады.

 Жиында қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жәй-күйі талқыланды. Бұл мекеме жыл басынан 523 қызмет көрсетсе, соның тең жартысы қанағаттандырылмаған. Яғни, тұрғындардың өтініші аяқсыз қалып отыр. Қарапайым қызметтерді санамағанда, үй-жайын кәсіпкерлік нысанға ауыстыру үшін құжаттарын рәсімдеу кезінде кездесетін кедергілер қызмет алушыны әбден қажытқан. Осының әсерінен тұрғындар тарапынан мемлекеттік қызмет сапасына қатысты сын жиі айтылуда. Ал, жетекші сала өкілдері болса, бұл мәселеге қатысыты мынандай жауапты алға тартады.

БЕЙБТР БИДАШ - ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ // Бір мекенжайда обектінің бірнеше ғимарат орналасқан жағдайда, ал өтініште тек бір ғимарат көрсетіліп, ұсынылатын құжаттарға өтініште көрсетілген мекенжай бойынша құжаттары мен қосымша ғимараттың зертханалық хаттамалары мен техникалық паспорты ұсынылған жағдайда басқарма тарапынан өтінішті қабылдаудан бас тарту немесе рәсімделу барысында қосымша ғимараттарды қосу заңдылығы қаралмаған.

 Ал ведомстоваралық жұмыс тобының мүшелері бұл мәселеде шешімін таппасақ, кедергілер кездесе береді дейді. Сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тек өзіне тиісті ғана жұмысты атқарған жөн деп отыр. Яғни, құжаттарды рәсімдеу кезінде бұл салаға қатысы жоқ жауапкершіліктер жүктелген. Қызмет алушылардың сандалып жүруі де сондықтан.

ЕРЛЕГЕН МЕНДАЛИЕВ ¬¬- ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ///Сіздердің тікелей айналысатын функцияларыңызға жауап беріп, сол жерден шешім қабылдасаңыздар, тиімді болатын сияқты. Түсінем, кейбір себептерді алып алып, бас тартып жатсыз. Анау дұрыс емес, мынау дұрыс емес, былай болу керек еді деп. Бұрыңғы бюракраттық неге отырып алып, кері қарай қайтара беретін болсаңыз өтініштерді. кей өтініш иелерін бінеше қайтарып жатырсыз. Дұрыс емес деп. Енді мен ойлаймын сол саланың маманысыз ғой. Осы мәселені шешетін уақыт жеткен сияқты.

 Қала күннен күнге қарыштап дамуда. Жаңа ықшам аудандар бой көтеріп, көшелердің көлемі ұлғайып барады. Алайда мекен-жайды айқындау үшін жауапты қызметкерлер нысан орналасқан аумаққа бармастан, бір мекенжайдың нөмірін екі үйге беріп жіберген жағдайлар жиілеген. Сондай-ақ, картаға орналастыру бойынша да бірқатар кемшілік анықталған. Соның салдарынан, тұрғындар жедел жәрдем, такси, өрт сөндіру қызметіне жүгінгенде қиындыққа тап болуда. Тіпті, тұрғындарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу де көңіл көншітпейді.

ЕРДӘУЛЕТ МУБӘРӘК , ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ // Нысандар бойынша фотофиксация және нысан бойынша қарап-тексеру актісін жасау, аталған мекенжайға бару //қиындық тудыруда. Жалпы күніне 20-25 өткініш келіп түседі. Яғни қағиданың орындалмауының бірден бір себебі бізде айнлысатын бөлімде бір маман бар. Ол маманның айлығы 200 мың көлемінде. Бірақ қаланың шекарасы 20 мың гектар шамасында. Қаланың әр бұрышына көлік немесе автобуспен бару мүмкіншілік тудыра бермейді. Сол себепті біз былай жоспарлап, жүйелі жұмыс жасап жатырмыз. // өтініш келіп түседі, маман оны алады. // тұрғын үй ма басында, соған сәйкес мекенжай анықтамасын береді. Меншік иесімен байланысып, бьасында не бар не жоқтығын білу үшін сурет сұраймыз. Мүмкіндік болмаса баруға тырысамыз.

Сондай ақ, жауапты сала өкілдері жұмыс тобын құрып, олар көше-көшені аралап, мекен-жайлардың реттілігін жүйеге тіркеуде. Мұнан бөлек, дрон арқылы әуеден фото-видео жасауды жоспарлап отыр.