#qyzylordatv
Елімізде тұмау өршіп тұр. Әсіресе балалар арасында жіті респираторлы вирусты инфекция күшейген. Дегенмен біздің өңірде ахуал біршама тұрақты, дейді мамандар. Бірақ босаңсуға болмайды. Дәрігерлер тыныс жолдары ауруларының ең өткір кезеңі енді басталатынын айтады. Өңірде инфекциялық науқастарға арналған төсек-орын жеткілікті ме? Қазір кең таралған вирус қаншалықты қауіпті? Тақырыпты тілшіміз сабақтайды.
Аймақта қазан айынан бері жіті респираторлы вирусты инфекция 17 мыңға жуық адамнан анықталды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда біршама төмен. Сондықтан, мамандар эпидахуал әзірге тұрақты деп топшылап отыр. Бірақ тыныс жолдары ауруларының ең өткір кезеңі енді басталу қауіпі бар. Сол себепті ауруханалар қосымша төсек-орындармен қамтылуда.
МАЯ МЫРЗАНОВА – ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ / Қайта жаңғыртудан өткен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы 205 төсекке арналған болатын. Онда науқастар сыймағандықтан 100 төсек-орынға кеңейттік. Берке хан 100 мекен-жайында орналасқан облыстық фтизиопульмонология орталығы бүгінде қайта жаңғыртудан өтіп жатыр. Соның бос ғимаратына ересек науқастарды сол жаққа бөлген болатынбыз../
Шыны керек тұмауды көбіміз аса елей бермейміз. Десе де бұл дерт қазір қатты түрленген. Әсіресе, «Гонконг вирусы» қауіптірек. Дерттің бұл түрі қалай құбыларын білмейсің. Көп жағдайда сай-сүйегіңді сырқыратып, иммунитетіңді инемен сұққандай әлсіретеді. Мамандар биыл тіркелген науқастардың арасында осы вирусты жұқтырғандар көп кездесіп жатқанын айтады.
ӘЛИЯ ӘБДІҚАЙЫМОВА – ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Ковид кезінде де болды. Түрін тез өзгертеді. Сондай қасиеті бар бұл вирустың. Бұл әсіресе қауіпті топтаға азаматтар үшін өте қауіпті. Сондай-ақ бұл вирус өте тез таралады. Сақтық шараларын қатаң сақтаған жөн және егуге тиісті контингенттер бөлініп тұрған вакцинацияны алғандары жөн.../
Жалпы биыл тұмауға шалдыққандардың 70 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Дертті ауыздықтаудың ең тиімді жолы – вакцинация. Осы орайда эпидмаусымда 84 мыңға жуық тұрғынға вакцина егілген. Қазір тиісті қор таусылуға таяды. Айта кетерлігі, бүгінде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан науқастардың 66 пайызы жіті респираторлы вирусты инфекциясына шалдыққандар. Науқастардың көбеюіне байланысты қабылдау бөлінде 3 бригада 24-те 7 жұмыс істеп жатыр.
ШАРИПА ӘЛИЕВА – ОБЛЫСТЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ /6380 Біз қазан айында емделіп шыққан науқастарға мониторинг жүргізгенімізде 26 жағдайында H3N2 тұмауы табылып отыр. Қалған аурулардың бәрі де жіті респираторлы вирусты инфекцияларына тән тұқымдастар екені белгілі болды. Және тағы да айта кетерлігі, жылда кездесетін инфекцияларға қарағанда 1-15 жасқа дейінгі балалар арасында іш өтумен, құсумен және дене қызуының жоғарылауымен кездесіп отыр.../
Маусымдық тұмаудың белең алуына байланысты жедел-жәрдем қызметінің жүктемесі де ауырлай түсті. Қазір облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы бойынша 75 бригада жұмыс істеуде. Сонымен қатар, емдеу нысандарынан 31 мобильдік топ жұмылдырылған.