#qyzylordatv
Буллинг – қазіргі қоғамдағы, әсіресе жасөспірімдер арасындағы өзекті мәселе. Облыс орталығында жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, тәртіп, жауапкершілік және адамгершілік құндылықтарының маңызын түсіндіру мақсатында «Жастар. Тәртіп. Құндылық» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға мыңдаған қаралым жинаған «105» кино сериалының актерлары қатысты.
Кездесуде қала прокурорының орынбасары статистикалық деректерді хабарлады. Оның айтуынша, кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына итермелейтін басты себептер – түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруі, район, система секілді теріс жаққа тартатын ортамен араласуы, зиянды заттарға әуес болуы және ең маңыздысы ойланбай әрекет етуі.
Қоғамда заң мен тәртіптің сақталуы, әр азаматтың құқықтық сауатты болуы өте маңызды. «105» кино сериалы – жастар арасындағы әлімжеттік, бопсалау, ұрып-соғу секілді өзекті мәселені көрсете білген туынды. Сериалдың «105» деп аталуы да тектен тек емес.
10 сериадан тұратын бұл кино сериал Алматы облысында түсірілген. Бүгінде оқушылардың көбі туындыны тамашалаған, сондықтан жастардың актерға деген сұрақтары да толастамады. «Мұндай жағдай актерлардың шын өмірде басынан өтті ме, қай оқиғалар қызық болды, ал ең қиын кадр қайсы, буллинг болса, не істеу керек?» деген сұрақтар жиі қойылды.
АСЛАН БЕКТЕНОВ – АКТЕР
Менің кейіпкерімнің мінездемесін, жасайтн іс-әрекеттерін қарап, кішкене жағамды ұстадым.
Бұл кино ата-аналарға жалпы қоғамға үлкен бір ой салады деген ойдамын.Себебі жастарға да тәлім тәрбиесі бар.Өте мағыналы сериал. Негізі түсіне білген адамға. Негізі бұл жерде балаларды ұрып соғып буллинг, система ғана емес, үйдегі ата ана мен баланың қарым-қатынасы да өте қатты ашылып айтылады.Жалпы айта ккетерім идеясын түпкі мақсатын астарын ашып түсініп қараған дұрыс деп ойлаймын.
Кездесуде кино актерлары жастарды құқық бұзбауға, білім алып, биік мақсаттарға ұмтылуға шақырды. Оқушылар мен студенттерді сала мамандарымен қатар, өнер иелерімен кездестірудегі мақсат та осы болатын.