#qyzylordatv
Елімізде бірқатар дәрілік заттардың бағасы төмендеді. Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті дәрілердің шекті бағасын қайта қарап, нарықтағы баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шара жоспарын бекітті. Аймағымызда да бұл мәселе жіті бақылауда. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.
Қызылорда облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті дәрілік заттардың көтерме және бөлшек саудадағы бағаларына тұрақты мониторинг жүргізіп келеді. Сала мамандарының айтуынша, соңғы айларда өңірімізде біршама дәрінің бағасы төмендеген. Бұл - дәрілік заттар нарығындағы реттеу тетігінің тиімділігін көрсетеді.
ЕРНАР ДӘУЛЕТШЕЕВ, ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қатысты туындаған сұрақтар бойынша біздің департаменттің номеріне хабарлассаңыздар болады. Және де осы шекті бағалары асқаны жөнінде қандай да бір мәлімет заң бұзушылықтар анықталған кезде дәрі кз қосымшасы арқылы біздің департаментке өтініш қалдырсаңыздар арыз жазсаңыздар болады. 02:36 Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша дәрілік заттардың бағасы біршама арзандады.
Ал кез-келген тұрғын дәріханалардағы бағаларды смартфондағы қосымша арқылы бақылап, баға тұрақсыздығы анықталған жағдайда бірден тиісті орындарға хабарлай алады. Мұны DARI KZ мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асыруға болады. Қосымша арқылы тұтынушылар дәрінің атауын енгізіп, шекті бағасын көре алады, қажет болған жағдайда шағымын да қалдыра алады. Бұл жүйе нарықтағы ашықтықты арттырып, дәрі дәрмек бағасын реттеуге септігін тигізбек.
ЖАНАТ БЕГАЛИЕВА, ДӘРІХАНА МЕҢГЕРУШІСІ
Фарматека дәріханаларында дәрілік заттың бағасы шекті бағада тұр. Өйткені әрбір дәрілік зат келер алдында фарматека менеджерлер арқылы бақыланып оны компьютерге енгізіп береді. Содан кейін ғана барып дәріхана қызметкерлері халыққа босатады. Қазіргі таңда вирус өршіп тұрған кезінде дәріханада вирусқа қарсы бірнеше дәрілік заттар төменгі бағамен сатылуда. Мысалға айта кетсек атциклавер, атцикластат және бірнеше антибиотиктер де төменгі бағамен сатылып жатыр.
Бүгінде еліміз бойынша 4994 дәрілік атауға шекті баға бекітілген. Ал рецепсіз сатылатын 1700-ден астам препарат нарықтық бақылау жүйесінде тұрақты қадағаланады. Бұл іс-шара баға тұрақтылығығын сақтауға және дәрілік заттардың халыққа қолжетімді болуына мүмкіндік беріп отыр.