#qyzylordatv

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммед қаладағы бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады.

 Қаладағы көрікті жерлердің бірі Президент саябағы қайта жаңғыртылуда. Қазіргі күні саябақ аумағы ұлғайтылып, абаттандыру және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Атап айтсақ, мұнда 3 аллея, 6 субұрқақ, 5 амфитеатр, балаларға арналған ойын және спорт алаңдары, түрлі аттракциондар, вело және жүгіру жолақтары жасалады. Сонымен қатар, жылдың төрт мезгілінде үздіксіз жұмыс істейтін 300 орындық заманауи балалар тынығу лагері мен Ботаникалық білім беру орталығы бой көтеруде. Жалпы, Президент паркі қала тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы демалыс орнына айналмақ.

 МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАММЕД – МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ҚР ҰҒА АКАДЕМИГІ \Осыдан 20 жыл бұрын жоғары биліктегі кейбір адамдар Қызылорда облысының болашағы жоқ, ол экологиялық қауіпті аймақ. Сондықтан облысты таратып, қаражатты басқа салаға құю керек деген адамдарда болған. Ал енді содан бергі 18 жылдың ішінде облыстың халқы 850 мыңға жеткен. Облыстың халқы ғана емес бюджетінің өзі кейінгі 3-4 жылдың ішінде 3 есеге дейін өсіп, 850 млрд, теңгеге жеткен. Жыл сайын жаңа ғимараттар салынып жаптыр. Алдымен Президетт саябағында болдық. Қазір Қазақстандағы ең үлкен парктердің біріне айналайын деп тұр. Қазірдің өзінде парктің демалыс аймағының өзі 45 гектар. Жалпы парктің өзі 60 гк. жерде орналасқан. Халықтың сүйікті демалыс орнына айналады. Қалалық паркте жекешеленіп кеткен. Қазір ол парктің орнына атракциондар саябағы орналасқан. Өйткені кез келген әкім, кез келген билік ең алдымен халыққа жағдай жасау керек... \

 Мұхтар Абрарұлы мұнан соң мың орынға арналған Өнер орталығында, балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы және «Анаға тағзым» орталығында болды. Дарияның сол жағалауында бой көтерген жаңа қаланың келбетін де көзбен көрді. Шаһардың шырайын келтіріп тұрған зәулім ғимараттардың жұмысымен танысып, жоғары бағасын берді.

 МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАММЕД – МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ҚР ҰҒА АКАДЕМИГІ \біз тұрған сол жағалау 2008 жылы бірінші рет қаланың бас жоспарына енгізілген. Бірде бір үй жоқ болатын. Қазір бұл жерде 30 мыңға жуық адам тұрады. Бұл жаңа қала. Бұл қаланы бас жоспарға енгізген мен болсам бірінші қадасын қағып, алғашқы үйлерін салып мынандай жағдайға жеткізген адам ол облыс әкімі Н.Мәшбекұлы. Мен оның ашығын айтуым керек. Мынандай стадион халық саны Қызылордадан екі есе үлкен облыс орталықтарында жоқ. .. \