#qyzylordatv

Азия чемпионатында ел намысын лайықты қорғаған спортшылардың қатарында Қызылорданың да өкілі бар. Жеңіл атлетикадан өткен құрлық біріншілігінде жерлесіміз, ардагер спортшы Ирина Юнкгинд қола жүлдегер атанды.

 Азия чемпионаты Үндістанның Ченнай қаласында өткен болатын. Байрақты бәсекеге 22 елден үш мыңнан аса спортшы қатысты. Ирина Юрьевна ардагерлер арасындағы тартысты додада 6 медаль иеленіп, Қазақстан құрамасы сапында үздік нәтиже көрсетті.

 ИРИНА ЮНКГИНД – ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ //Бұл менің алғашқы халықаралық жарысым болды. Өте жоғары деңгейде өтті. Эстафетада екі үшінші орын иелендік.Қазақстан рекордын жаңарттым – 1 метр 30 сантиметр. 300 метр кедергілермен жүгіруде де ел рекордын орнатып, Шри-Ланка спортшысынан бір секунд айырмамен алға шықтым. Ауа-райы өте ыстық болды, алғашында жүгіру қиын көрінді, бірақ уақыт өте бейімделдік. Енді мақсатым – әлем чемпионатына жолдама алу.//