#qyzylordatv

Бүгінгі жастар патриотизмді қалай түсінеді? Достық үйінде болған республикалық ғылыми-танымдық конференция осы тақырыпқа арналды.

Облыстық қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырған іс-шараға облыстық мәслихат депутаты Мақсұт Нәлібаев, тарих ғылымдарының кандидаты Айтжан Оразбақов және теолог-ғалым Бақтияр Оспанов арнайы шақыртылған. Жиында олар мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген сарбаздар мен студенттерге ұрпақ тәрбиесі, ұлт болашағы туралы орамды ойларын ортаға салып, дәріс оқыды.

 «Әлем барысы» халықаралық турнирінің жүлдегері Мақсат Исағабылов пен Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, белсенді жас Жасұлан Қуандық та патриотизм туралы өз ойларымен бөлісті.

Жиын соңында қызылордалық Сәбит Шонтақбаевтың ерлігі сөз болып, батырдың анасына құрмет көрсетілді. Ол осыдан бірнеше жыл бұрын терезеден құлауға шақ қалған бүлдіршінді құтқарып қалған болатын.