#qyzylordatv
14 желтоқсаннан бастап Тальго №65/66 «Астана – Жезқазған» пойызының бағыты Қызылордаға дейін ұзарады. Жаңа бағыт елдің орталық және оңтүстік өңірлерін тікелей байланыстырады. «Астана – Қызылорда» пойызы күнара қатынайды.
Аталған бағытта мүгедектігі бар жандар үшін 50% жеңілдікпен арнайы бейімделген орындар қарастырылған. Бағыттың ұзаруы жол жүру уақытын стандартты пойыздардан 7 сағатқа қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде еліміздің ірі өңірлері арасындағы көлік қатынасын тұрақтандырып, жолаушылардың қысқы маусымдағы сапарын едәуір арттырады.
Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының билет кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы білуге болады.