#qyzylordatv
Еліміздің теңге сарайында дайындалған коллекциялық монеталарға сұраныс жоғары.
Бүгінде Қызылордадағы ұлттық банк қорында сирек кездесетін монеталардың бірнеше топтамасы сақталған. Атап айтқанда Ғарыш, Салт-дәстүрлер, Флора мен Фауна секілді кең көлемді сериялар бар. Күмістен, алтыннан және арнайы қоспалардан соғылған монеталардың ішінде таралымы 3 мың дананы құрайтын ерекше үлгілер де кездеседі. Сонымен қатар салмағы 777 грамдық монеталар мен көрнекті тұлғаларға арналған топтамалар да бар. Коллекциялық монеталар - бұл еліміздің тарихы мен мәдениетін айшықтайтын дүние. Көрнекті тұлғалар, табиғи байлықтар, әдет – ғұрыптар мен дәстүрлер- бұл шығарылатын коллекциялар тақырыптарының бір парасы.
ҚАЙРАТ ДУЛЫБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ Бұл барлық монеталар бізде негізі банк сайтында qazcoints сайтында сатылады. Сол сайтқа тіркеліп әрбір монетаны сатыл алуға болады. Бізде соңғы шыққан арғымақ монеталар,Әлия Молдағұлова монеталары сатылымда, және өзіміздің жерлесіміз Батырхан Шүкеновтің монетасы сатылымда бар. Әрине бұл монеталар жалғыз Қызылорда емес бүкіл Қазақстанда қызығушылық үлкен. Күнде бізде әртүрлі монеталар сатылымға шығарылып жатыр. Әрбір монетаның өзінің салмағына байланысты жасалған материал құрамына байланысты. Күмістен жасалады никель 1 деген материалдан жасалады. Монеталар екіге бөлінеді инвестициялық және коллекциялық. Коллекциялық монеталар сол өзінің сатылған бағасымен сатылады.Бұл жерде әрбір монетаның өзінің шығарылым тиражы болады. Егерде шығарылым тиражы аз болған жағдайда ол халық арасында үлкен сұранысқа ие.