#qyzylordatv

Қызылордада медициналық ұйымдарда қызметкерлер үшін маска тағу режимі енгізілді. Себебі соңғы 4 аптада тұмаумен тіркелгендер саны 10 мыңнан асқан. Әсіресе 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурушаңдық көбейіп отыр.

 Мамандар мұны эпидмаусымның басталуымен түсіндіріп отыр. Осы орайда қазан айынан бастап өңірімізде жіті респираторлы вирусты инфекциясына қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге дейін 36 910 адамға «Гриппол плюс» екпесі салынған. Қазіргі таңда ауруханалар мен емханаларда тұмауға қарсы дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.

БЕЙБІТ БИДАШ – ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ //Қызылорда қаласында ағымдағы жылдың 10 айында жіті респираторлы вирусты инфекциясының 77 мың 612 оқиғасы тіркелді. Оның 48 мың 37 жағдайы 14 жасқа дейінгісі балаларды құрайды. Бұл жағдай былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,4 пайызға азайған. Бірақ, бұның өзі жағдайды жеңілдетіп отырған жоқ. Жас шамасына келетін болсақ бұл барлық топтар арасында тіркелуде. Қазір барлық медициналық мекемелерде маскалық режим қалыптасқан. Біз осыған дейін қауіпті топтарға оның ішінде мед қызметкерлеріне, балаларға, 6 айдан асқан көп ауыратын балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының балаларына және жүкті әйелдер мен жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйесінің созылмалы ауруы бар адамдарға вакцинация жүргізілді.//

 Диктор кадр сыртында: Ал Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалында эпидмаусым басталғалы 3 мыңнан астам зерттеу жұмыстары жүргізілген.

ФАРИДА ҚАЛИЕВА – «ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ // Анықталғаны «А» типінің 86 жағдайы. Оның ішінде 82-і қаладан, 4 жағдай Сырдария, Жедел респираторлы вирустық инфекциядан 8 жағдай, Арал ауданынан жағдай анықталып отыр...//