#qyzylordatv

«Ұстаз- ұлт келбеті». Дәл осындай атаумен қаламызда Ыбырай қоғамдық қорының 5 жылдығына арналған кеш өтті.

 «Ұлт ұстазы Ыбырай жағып кеткен, өшірмеспіз білімнің шамшырағын» деген әсерлі өлең жолдармен басталған шарада мұғалім еңбегі насихатталды. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

БЕКЖАН ЕСЕНБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ /Мен ойлаймын осы қор 21 ғасырда Ыбырай сияқты ұстздарды тәрбиелейтін, Ыбырай сияқты тұлғаларды дүниеге келтіретін қор деп есептеймін. Өйткені, осы қоғамдық қордың құрылуына біздің сыр өңіріндегі біздің кәсіпкерлер үлкен қолдау білдіріп, бүгінгі таңда ұлт басшылығымен осы қор жұмыс жасап жатыр. қоғамдық қорының мақсаты – педагог тәрбиелеу болса, ал педагог, ұстаздың мақсаты – ол келешек ұлтты тәрбиелеу.

Аталған қор бүгінде 122 студентке қолдау көрсетіп отыр. Ал 46 түлегі еліміздің және шетелдің беделді оқу орындарында білімін жалғастыруда.

АСХАТ БАЙДӘУЛЕТОВ – КӘСІПКЕР // Бұл қорда студенттер өздерінің білімдерінің алғанымен қоймай,мұғалімдікте оқиды, ағылшын тілін жетік меңгереді және де мұғалімдік бағыттарын жақсы дамытады. Демеушілердің және меценаттардың белгіленген шәкіртақысын алады. Одан бөлек, егер оқулары төлемақы оқып жатқандардың оқуларында төлеп береді бұл жерде осы студенттердің алға қойған мақсаттары тек мұғалім боламын, балаларды тәрбиелеймін деген мақсаттар бар. Ал, кәсіпкерлердің мақсаттары осындай жастарды қолдау, елімізге жақсы, білімді ұрпақ тәрбиелеу.

 Кеш барысында студенттер көрініс қойып, ұстазға деген алғыс өлең боп өріліп, ән болып төгілді.