#qyzylordatv
Жаңақорған ауданында «Алыш» белбеу күресінен 23 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында республикалық чемпионат өтті. Ахмет Шынтаев атындағы ашық біріншілікте еліміздің үш қаласы мен 12 облысынан келген 150-ге жуық спортшы белдесіп, күш сынасты.
Аймақта «Алыш» белбеу күресі кең қанат жайып келеді. Бүгінде облыс көлемінде бұл спорт түрімен 450-ге жуық адам шұғылданады. Белбеу күресі Жаңақорған ауданында да дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Ахмет Шынтаев атындағы еске алу турнирі алғашында облыстық деңгейде өтсе, соңғы жылдары республика көлемінде ұйымдастырылып келеді. Жастар бұл жарысты жібермеуге тырысады. Себебі, білікті бапкерлер бұл бәсекені спортшылар үшін үлкен трамплин деп бағалайды. Мәсеклен, жеті жыл бұрын бастау алған бәсекеде белдескен балуандар бүгінде әлемдік додаларда топ жарып жүр. Еске алу турнирінінің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Балуандардың білек күші мен айла амалы сыналатын сайысқа жоғары дәрежедегі төрешілер тартылған. Сондай-ақ, спортшылардың әрбір қимылы жоғары технологиялы VAR жүйесі арқылы бақыланды.
Осылайша 23 жасқа дейінгі спортшылар тоғыз салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Жарысқа қатысушылардың бірі Ақтөбе облысынан келген Асар Саматұлы.
Дәрстүрлі түрде өтетін додаға қыздар қауымы да тұрақты түрде қатысып келеді. Жаңақорғандық Бейбіт Қанат биыл екінші жыл бағын сынап көруде. Айта кетейік, жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар ұлттық құрама командасына қаралымға барады.