#qyzylordatv
Биыл Жаңақорған ауданында жол инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән берілді. Мәселен, ауыл-аймақтағы 66 шақырым болатын 37 көшеге асфальт төселсе, кент орталығындағы Қорасан Ата көшесі қайта күрделі жөндеуден өтті. Ауданаралық автомобиль жолдарының сапасы да айтарлықтай жасқарып қалған. Тілшіміз Елдос Асанның бейнематериалында толығырақ.
Жаңақорған кентіндегі негізгі орталық көшелердің бірі ¬– Хорасан ата көшесі. Сапасы жағынан жылдар бойы жыр болып келген жол қазір тақтайдай тегіс. Жалпы ұзындығы 3,2 шақырымды құрайтын 4 жолақты жолға қайта асфальт жабындысы төселді. Жаяу жүргіншілер жолы салынып, түнгі жарық шамдары орнатылды. Ал жолаушылар үшін жаңа аялдамалар қойылды. Сондай-ақ, жол қозғалысын реттеу мақсатында екі бағдаршам, жасанды жол кедергісі орнатылып, 14 орынға жаяу жүргіншілер жолағы сызылды. Ел игілігі үшін жасалған жұмысқа халық дән риза.
ҮМБЕТ ӘБИБУЛЛАЕВ ¬– АУДАН ТҰРҒЫНЫ //// Жаңақорғанның орталық Хорасан көшесі үлкен жөндеуден өтіп, халықтың бір керемет қуанышына айналды. Барлық сызқтар мен жолақтар анық, әдемі сызылған. Көз тартады. Эстетикалық талғамда жасалған. Жол тақтайдай. // Бұл көшенің теп-тегіс болуы жүргізушілер үшін өте қолайлы. Ыңғайлы. Уақытты көп ұстамайтын сондай бір жақсы қуанышымыз болып отыр.
ЖОРАБЕК НҰРЫМБЕТОВ ¬- ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ // Бүгінгі талапқа сай 4 жолақты, жан-жағында адам жүретін тратурымен және жарықтандандырылған үлкен жол тапсырылыуға беріліп отыр. //Бұның жалпы құны 1 млрд.37 млн.болатын болса, бұндай аудандарда бұрын соңды болмаған, үлкен қалаларға сай көшелердің салынуы.
Биыл аудан бойынша 3,7 млрд.теңгеге 66 шақырымды құрайтынын 37 көше жөндеуден өткен. Бұған облыстық, аудандық бюджеттен және «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы аясында қаржы қаралған. Мәселен, «Ауыл ел-бесігі» жобасы аясында кенттегі Әбенов, Орғараев көшелері күрделі жөндеуден өтсе, Қожакент ауылындағы Молдағұлова, Бесарық ауылындағы Кенебаев, Жайылма ауылдық округіндегі Оспанов, Бірлік ауылындағы Баелов, Қыркеңсе ауылдық округіндегі 50 жылдық Қазақстан көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.
СЕМСЕР СЫЗДЫҚОВ – АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ // ауданымыз бойынша республикалық маңыздағы жолымыз 98 шақырымды құрайды. Ол 100 пайыз асфальт төсемесі төселген. 100 пайыз қанағаттанарлық жағдайда. Ал, облыстық деңгейдегі жолымыз //162 шақырымды құрайды. Оның бүгінгі таңда жарамдылығы қанағаттанарлық деңгейі 98 жарым пайыз. Одан бөлек, ауданымыз бойынша жолдардың қанағаттандырарлық деңгейі бұлда 98 пайызды құрап отыр. Одан бөлек 526 көшелер бар. Ол ауданымызға қарасты кент және ауылдық округтерде орналасқан. Олардың қанағаттанарлық деңгейі 60 пайздың үстінде.
Салаға жауаптылардың айтуынша тозығы жеткен көшелерді қайта жаңғырту жұмыстары келер жылы да жалғасады.